Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қыздың пәктігі сатылатын жаңа қазақ киносы шықты

310

Фархад Абдраимов отандық киноқоржынға тағы бір комедия қосты. Бұл жанрдағы қалыптасқан қағиданы бұзып, басты рөлге кіл кəсіби емес актерларды бекіткен. Есесіне, фильмнің саундтрегін орындаған “Мумий трольге”, Алматыда бейнебаян таспалап беруге қаржысын аянып қалмақ емес.

Фильмнің атына қарап, махаббат хақындағы кезекті қарабайыр комедия деп топшалауыңыз мүмкін. Расында, алып-ұшқан албырт сезім де, оның отына күйіп-жанған кейіпкерлер де некен-саяқ. Есесіне, бір-біріне өмірлік сабақ болар тұзақ құрған жандар жетерлік.

Дегенмен, қатыстырылған актердың бəрі сценарийдегі негізгі ойды көрерменге лайықты жеткізе алды деу қиын.

“Шынымды айтсам басты рөлдегі жігіттің ойыны көңілімді көншіте қоймады. Оның харизмасы жоқ. Неге мұндай актерды  таңдағандары түсініксіз”, – дейді актриса Бибігүл Ақтан.

Расында, картинаға режиссерлік еткен Александр Гольцевке де, бас кейіпкерлерді сомдаған Əлішер Төлтаев пен Марина Королевалар үшін де бұл дебюттік жұмыс.

Комедияның басты рөлімен қатар, продюсерліктің де жүгін қоса арқалаған  Фархад Абдраимов, түсірілім барысында барынша үнемшіл болуға тура келгенін айтады. Себебі, картина бюджеті постпродакшмен қосқанда небəрі 100 мың доллардың айналасында болған.

“Достарымыздың қолдауы мықты болды.  Максим Акбаров, Ерболат Тоғызақов, Роман Альманскийлар тіпті тегін түсті десек болар. Бюджеттің аздығы көп дүниеге қолбайлау болды”, – дейді продюсер Фархад Абдраимов.

Есесіне, түсірілім тобы саундтрек үшін біраз қалтадан қағылмақ.  Себебі, ” Мумий трольдің”  Это по любви” трегін – фильмнің басты музыкасы ретінде таңдап алыпты.

Қарымтасын биыл жазда, топқа Алматыда бейнебаян таспалап берумен қайтарады.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз