25-26-ға келген қыздардан неге тұрмысқа шықпай жүргенін сұрасам, “Оңған жігіт жоқ” дейді.
30-дан асқан жігіттерден неге үйленбей жүргенін сұрасам, “Оңған қыз жоқ” дейді. Ау, бұ дүнияда оңған адам бар ма? Мінсіз адам іздемес бұрын, өзі мінсіз бе, соған қарамай ма? Сонда бұлар дүнияның рақатын қашан көреді? – дейді бір көкем. Рас-ау, дедім. Қыздар, оңған жігіт жоқ деп жүре бермей, екеуара бір байға болса да тиіп алыңдар.
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан