Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қыздар бар…” . Студенттер риэлторға қалай алданғанын айтты

133

Әлгі заңды деген риэлтор берген телефондардың барлығы „поражняк„. Біреуі өтіп кеткен, тағы біреуі мүлде алмайды. Осылай бір апта сабылдық.

Біреуі болмаса, біреуі болады деп риэлторымыз күмәнді нөмірлерді бізге беруден бір шаршамайды. Берекеміз кетті. Біреудің үйінде тегін сыю оңай ма? Ақыры бір таныс жігіт пәтер тауып, көзіміз ашылды.

Сөйтіп 50 долларымыз „ауаға„ кетті. Біреуге ақша емес шығар, бірақ студент үшін жарты айлық тамағы ғой бұл.

Ішіміз ашып кетті. Ал ана риэлтор маңына жуытар емес. Заңға жүгінейік десек, олардікі жөн боп шықты. Сөйтсек, қолымызға ұстатқан қағазды бәрін өз ыңғайларына қарай толтырып қойыпты. Қайтеміз енді, ақыры қолды бір сілтедік„.

Бұл үш студент қыздың басында болған оқиға. Бірақ осылай алданып жатқан бұлар бір емес қой. Жетіп-артылады. Сары ауыз студенттердің аңқаулығы мен өмірден түйгендері аздығын пайдаланып осылай бүтін бір сала пайда тауып жатыр. Тек студент емес, пәтер жағалаған талай қазақ осылай делдалдарға „жем„ болуда. Бәрінен қорқыныштысы, осы алаяқтықты кәдімгідей тұрақты қызметке айналдырғандарға жазаның жоқтығы. Әрине, мұндайда заңнан сауатты болып өзіңе сенім артқаннан басқа шара жоқ.

Ендеше „Сақтықта қорлық жоқ„ демекші, пәтер жалдауға бекінсеңіз мынандай заңды кеңестерден құлағдар бола жүріңіз:

1. Пәтерді жалға алар болсаңыз, сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, баспанасы бар немесе жоқ екені және баспанасы кепілде тұрмағаны туралы анықтама алыңыз (міндетті түрде бірге барып алу керек). Егер пәтерді жалға беруші сізбен бірге барып аталған анықтамаларды алудан бас тартса (немесе ертең өзім алып келіп көрсетем десе), онда райыңыздан қайтқаныңыз дұрыс.

2. Ақшаны риэлтор арқылы бермеңіз. Барлық құжаттардың дұрыс екеніне көз жеткізгеннен соң нотариустің (еш уақытта сатушы айтқан нотариуске бармаңыз) қатысуымен берген жөн.

3. Риэлтор ұсынған келісімшартпен толық танысып, өз талабыңызды оған енгізуді ұмытпаңыз.

 

Қуаныш Саттар
https://kaz.365info.kz/kvartiranttyn-kyni-khyrsyn-almatyda-zhaldamaly-pater-khansha-tyrady-infografika-300033

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз