Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қыз керек пе?”. Алматыда кәрістер интим-караоке ашыпты

2531

Алматыда Оңтүстік Корея азаматтары караоке-бар түріндегі секс-притон ашып алып, ақша тауып жүріпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“SТOP трафик” жедел профилактикалық шарасы барысында осындай қылмыс ашылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ғимаратта шетелдіктерге интим қызмет көрсетілген.

ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, жеңгетайлық ісімен айналысқандардың әрекетіне шектеу қойылды.

Атақты боксшы бір қора қызбен төсектес болып жатыр (18+)

Өз кезегінде Астанадағы вокзал маңында ақылы интим қызмет көрсеткен 7 қызы бар притон анықталды. Ұсталған қыздардың барлығы Өзбекстан азаматшасы, әрқайсына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар, Өзбекстан ІІМ өкілі олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Әкімшілік сот шешімі бойынша, үш қыз елден шығарылды.

Жалпы, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда жүргізілген операциялар барысында адам саудасына байланысты 95 қылмыстық іс анықталған.

Айта кетейік, 2018 жылы наурызда Алматыда қонақ үй кешенінде караоке-бар ретінде ашылған притонның директоры мен әкімшісі сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматыда бір қазақ жезөкшелермен «демалып», 750 мың теңге жұмсапты

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз