Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қыз емеспін деп талтайып отыр…”. Бір зейнеткер телеарна басшыларына кейіді

409

«Пендеміз ғой» деген ток-шоу жүріп жатыр екен, «Қыз емеспін» деп аталатын тақырыбы назарымды аударды.

Әйелім, ұлым, келінім оны көруге ұялып, басқа бөлмелерге шығып кетті. Ал мен бұл өзі не жайында болар екен деп оны соңына дейін көрдім.

Бұл шоуға өзім қатарлы бірер үлкендер мен студент жастар қатысып отыр екен, пікірсайысқа түсіп әлек болып жатыр. Жүргізуші жігіт микрофон ұсынып, ортада зырылдап жүр. Ортаға күйеуінен ажырасқан бір жас әйелді отырғызып қойыпты, оған қарама-қарсы жасы 30 – 40-тар шамасындағы тақырбас жігіт ыржалаңдап отыр. Әлгі әйелге «Қыз емессіз бе?», «Қыздығыңыз жоқ па?«, «Күйеуің жоқ па, әлде ажырасқансың ба?», «Қыз емес екенсің, енді не істейсің?» деген сияқты сұрақтарды жаудырып жатыр.

https://kaz.365info.kz/ystap-korejinshi-tok-shouga-kelgen-khyzteke-erlan-renzhip-khaldy-foto-291717

Әйел де сұрақтарға ыржалаңдай жауап беріп отыр. Жас кезінде оңбай сүрінгенін айтып қояды.

Залдағылардың бірі қазір медицинаның дамыған заманы екенін, «пәктік белгісін» қалпына келтіріп алуға болатынын, тіпті оның ақысына дейін тәптіштей айтып кеңес берді. Әлгі әйелден: «Сізде қыздық жоқ, енді не істейсіз?» – деп қайталап сұрап қоймаған еді, ол: «Медиктерге қыздық салғызып алып, күйеуге шығамын», – деп салды. Оған залда отырғандар мәз-мейрам болды

Біздің заманымызда ондай сорақылыққа бару түгілі қыздың бетінен сүюдің өзі арман еді. Қазір сүю былай тұрсын, көшеде тұрып тәнін сатады.

Тіпті өткенде бір депутаттың ондайларды заңдастыру керек, қартайғанда зейнетақы төлеу үшін қамқорлық керек деп айтқанын да естідік.

Ақша үшін жалаңаш тәнін көрсеткендер туралы да теледидарда сүйінші сұрағандай қылып айтты. Ата-бабаларымыз «Қызға – қырық үйден ты­йым» деп, әйел абыройына қатаң қарамап па еді?

https://kaz.365info.kz/khazir-bajlar-basekelesinin-kozin-khyrtu-yshin-killer-emes-zhyn-zhiberedi-video-299926

Ал тәуелсіз ел болғандағы жастарға беріліп жатқан тәрбиенің сиқы мынау. Сөз бостандығы, демократия деп ойына келгенді істей беруге болмайтын шығар? Мәдениет, әдеп, ар-ұят, намыс қайда?

Бізде осындайларға тыйым салатын басшылар жоқ па, әлде оларға бәрібір ме? Мәдениет министрі осындай келеңсіз жайларға неге тосқауыл қоймайды? Өткенде олардың өздері осындай жайға тап болып, айтысып жүр деп еді, расында да солай болып, содан қолдары тимей жүр ме екен әлде?

Негізі мұндай келеңсіздіктер үшін қатаң шара қолдану керек қой.

Сіз бұған не дейсіз, оқырман? Пікіріңізді айтыңыз. Ұлттық болмысымызға қатер төндіретін сорақы құбылыстарға бәріміз болып қарсы тұрайық. Кеш қалмайық!”

Тұрсынхан ТӨРЕГЕЛДИЕВ, зейнеткер (Замана басылымы)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз