2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
- Жарлыққа сәйкес, келесі тұлғалара әскери, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілді:
- генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына;
- ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына;
- сыртқы барлау генерал-лейтенант арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына;
- 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлына;
- генерал-майор әскери атағы Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлына,
- Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына,
- Бочаров Дмитрий Владимировичке,
- Көпбаев Қайрат Рашидұлына, Қалиев Арман Зарлықұлына,
- Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына;
- авиация генерал-майоры әскери атағы Подгайский Евгений Евгеньевичке;
- ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына,
- Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына;
- полиция генерал-майоры арнаулы атағы Абисатов Махамбет Хайыржанұлына,
- Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына,
- Қабденов Мұрат Талапұлына,
- Сүлейменов Жанат Қуанышұлына;
- 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Дембаев Болат Бекназарұлына,
- Жылқыбаев Азамат Сембайұлына; 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына.
Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланды.