Құтқарушылар ең жаңа жабдықтармен жабдықталуы керек, бірақ оларда ескісі де жеткіліксіз.
ТЖМ бөлімшелеріндегі техника мен жабдықтардың жартысынан көбі ескірген, бірақ тіпті олардың өзі де жеткіліксіз болып тұр. Көптеген далалық ауруханалар өз ресурстарын толығымен тауысқан. Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы және материалдық қамтамасыз етілуі де жеткіліксіз. Осыған байланысты “кадрлардың ауысуы” бітер емес, ал кәсіби орта жайлы айтпаса да түсінікті.
Мәжілісмендер тобы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жағдайды реттеу туралы өтінішпен жүгінді.
Елімізде жылына орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ тіркеледі, оның 15 мыңы өртке қатысты.
Төтенше жағдай орнына бірінші болып өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері келеді.
– 2021 жылғы 26 тамызда Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінің қоймасында оқ-дәрілердің жарылысы орын алған оқиға АҚО қызметкерлері жұмысының қаншалықты қауіпті екенін тағы да дәлелдеді. Өрт сөндірушілер өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін ТЖ орнында алғашқылардың бірі болды.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарылыс салдарынан азаматтық қорғау органдарының 9 қызметкері қаза тауып, 49-ы түрлі сипаттағы жарақат алды,
– делінген депутаттық сауалда.
(Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға орнында 16 адам қайтыс болды, оның ішінде әскери қызметкерлер мен әскери прокурор бар — шамамен.)
Тәуелсіздік алғаннан бері қызметтік міндеттерін атқару кезінде 63 қызметкер қаза тауып, 155-і түрлі жарақаттар алған.
ТЖМ күштері мен құралдары үнемі сұранысқа ие және тәулік бойы сақадай сай тұрады. Жаһандық және өңірлік ауқымдағы ТЖ жоюдың әзірленген жоспарлары бар. Өрттерді, оның ішінде күрделі жағдайда өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидалары бар.
— Осыған байланысты орынды сұрақ туындайды: төтенше жағдайларда күрделі өрттерді сөндіру кезінде адам денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төнуі себепті, өрт ошағына өте жақын аймақта адамдардың болуына жол бермейтіндей, қазіргі заманғы техникалық шешімдер мен құралдар неге толық көлемде қолданылмайды. Мүмкін жай ғана ондай құралдардың жоқ болуы себебінен болар? – деп жазады депутаттар.
Мәжілісмендер ТЖМ ақпаратына сілтеме жасап,
материалдық-техникалық құралдар мен олардың жай-күйі бойынша мәселелер бар екенін айтты
Атап айтқанда, өрт-құтқару техникасы мен өрт-техникалық жабдықтар. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдерін өрістету және салу. Міне, олардың кейбіреулері:
Қазір бірқатар елдерде күрделі өрттерді сөндіру кезінде шынжыр табанды және дөңгелекті роботты техника қолданылады. Мысалы, радиация деңгейі жоғары, адамдар үшін зиянды және қауіпті заттар бар аймақтарда. Сондай-ақ үйінділерді талдау үшін төтенше жағдайларды жою кезінде және жарылыс толқыны мен сынықтардан зақымдану қаупі бар уақытта.
– Сонымен бірге, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері олардың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және туындаған түрлі ТЖ-ды тиімді жоюға мүмкіндік беретін ең заманауи өрт-техникалық қару-жарақпен және жабдықпен жарақтандырылуы, сондай-ақ лайықты түрде әлеуметтік қамтамасыз етілуі тиіс, – деп мәлімдейді депутаттар.
Қол қоюшылар бірқатар шараларды ұсынды: