Малайзияда қытайлар ислам дінін қабылдап жатыр. Мәселен, 24 жастағы Саралин Құранға және оның мағынасына, әсіресе, пайғамбарлар мен оларға берілген сынақтар туралы оқи отыра сүйіспеншілігі оянып, шын жүрегімен Алланың бір екенін білдіретін шәһәдә айтқан.
Бұл туралы muftyat.kz жазды.
Малайзияда жаңа мұсылман болғандардың оқиғалары көбінесе этникалық мұсылмандар үшін танымды болып келеді.
“Әлдекім исламды қабылдаған уақытында, адамдар оның ұлты малайлық болады деп ойлайды. Менің достарым да мені малайлық болып, малай мәдениетін ұстанатын болады деп ойлап, абыржып қалған ғой”, — дейді ол.
Селангордің өзінде жылына 3 200 адам Исламды қабылдайды. Бұл адамдардың осы дінге келулерінің себебі әртүрлі, бірақ олардың бәрі дінге кірген соң өз есімдерін өзгертіп жатады. Малайзия қытайлық мұсылмандар қауымдастығы президенті профессор Тауфик Яп Юн Хиннің айтуынша, есімді өзгерту кең тараған стереотип болып табылады.
“Қытай есімдерінің басым көпшілігінің өзіндік жақсы мағыналары бар. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде мұндай болмаған еді – адам дінді қабылдағанда оған есімін өзгертудің қажеті болмаған, тек есімнің мағынасы нашар болғанда ғана, есім өзгертілетін болған”, — дейді Хин.