Тәжікстанда болып жатқан оқиғаларды барлық көршілес елдер бақылауда ұстауы тиіс.
Бұл туралы зерттеуші Мұрат Лаумулин жазды. Материал «Астана» халықаралық ғылыми орталығының сайтында жарияланды.
Тәжікстан Қытаймен шекараласатындықтан, әрине, Аспан асты елі көршілес елге елеулі ықпал етеді. Және соңғы кездері бұл айтарлықтай байқалады. Мысалы, Қытай қазір Тәжікстанның негізгі кредиторы.
Мәселе $1,2 млрд жайлы. Бұл Тәжікстанның барлық сыртқы қарызының жартысынан астамы.
Қытай аграрлықтан бастап энергетикаға дейін шаруашылықтың әртүрлі салаларына инвестиция құйып жатыр. Осылайша, тәжік экономикасына ықпалын күшейтуде.
Инвестициялардың артынан Тәжікстанға жұмыс иммигранттары да тартылып жатыр.
Себебі келісімшарттардың көбінде басты шарттардың біріне қытай жұмыс күшін пайдалану кіреді
Нысандар мен жолдарды салуды қытайлық компаниялар өз адамдарын тарту арқылы жүргізеді. Бұл ҚХР-ның ойластырылған және жоспарланған мемлекеттік саясаты, – дейді Лаумулин.
Алайда келтірілген сандар аса зор емес. Мысалы, 2016 жылы шетелдік еңбек мигранттарының квоталарының жалпы мөлшері – 8 мың орын. Олардың ішінде Қытайға 4,5 мыңнан сәл асады.
— Нақты қытай көші-қоны Тәжікстан билігін көші-қон қызметін құруға итермелеген сияқты. Алайда қазіргі таңда ол тек ҚХР миграциялық легін тіркеуді және квоталарды үлестіруді ғана іске асырып жатқандай. Осылайша олар қытайлық көші-қон ағынын белсенді түрде құрап немесе бақылауда ұстап отыр. Қытайлық миграцияның шын реттеушісі — ҚХР-дан Тәжікстанға ағылып жатқан инвестициялар мен кредиттер», — дейді зерттеуші.
Сонымен қатар, еңбек мигранттары ОА елдеріндегі қытай өнімдерінің тұтынушылары мен дистрибьюторларына айналады.
Бұл өңірдегі тұтынушылық тауарлардың біртіндеп өктемділігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ол тағы бір маңызды үдерісті атап өтті —
Тәжікстан экономикасында Қытай меншігінің үлесі артып келеді
— Соңғы 6 жылда Тәжікстан экономикасына жиналған қытай инвестициясының мөлшері $500 млн шамасына жетіп қалды. Бірлескен кәсіпорындар арасында «Зарафшон» тәжік-қытай алтын өндіруші кәсіпорны көшбасшы болып табылады”, — деп жазады Лаумулин.
Сонымен қатар, Қытай Согди облысындағы «Зарнисори шимоли» қорғасын-мырыш кен орнын сатып алды. Қытай компаниясы төрт жыл ішінде екі нысанды — полиметалдарды қайта өңдеу кәсіпорыны мен металлургия зауытының құрылысын бастайды.
Билік Қытай фермерлеріне Тау-Бадахшан автономды облысының Мургаб ауданынан және Хатлон облысының екі ауданынан шамамен 2 мың га жер бөлді. Жақында Тәжікстан Қытай фермерлік ұйымына 49 жылға 500 га жуық жер берді.
— Тәжікстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, жер аграрлық секторды дамыту үшін берілген. Алайда
бұл әрекеттер жергілікті халықтың түсініспеушілігіне әкеліп, қарсы әрекет етуіне итермелеп отыр,
– деп атап өтті автор.
Сонымен қатар, Лаумулиннің айтуынша, қытайлық жер өңдеу технологиялары жергілікті деңгейде биологиялық тепе-теңдік пен жалпы экологиялық жағдайды бұзатын көрінеді. Сондықтан Қытайдың ауыл шаруашылықты дамыту үдерісі Тәжікстан үшін теріс салдарға ие.
Лаумулин қытайлық бизнесмендердің түрлі жобаларға қатысуының тағы да бірнеше мысалын келтірді.
– Сарапшылар экономикалық экспансия Қытайдың Тәжікстандағы саяси ықпалын күшейтеді деген қорытынды жасайды. Екі ел де 2020 жылға қарай тауар айналымын $3 млрд-қа дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Және Душанбе бұл шегі емес деп есептейді.
Жоғарыда аталған миллиард борыштан басқа
Тәжікстанда жобаларды жүзеге асыруға берілген қытайлық гранттардың сомасы әлі белгісіз
— Тәжікстан билігі Мәскеуден гөрі Бейжіңнен тиімді экономикалық серіктес тапқандарын жасырмайды. Осыған байланысты, Қытай Ресей Федерациясына қарағанда тәжік қойнауына әлдеқайда оңай қол жеткізе алады, — деп атап өтті Лаумулин.
Бақылаушылардың пікірінше, Тәжікстан қазірдің өзінде Бейжіңнен борышкерлік тәуелділікке түсіп қалды.
Ал бұл егемендікті жоғалтып алу қаупіне әкелуі мүмкін. Қытай Тәжікстанға жеңілдетілген шарттармен және ұзақ мерзімге – 20 жылдан астам уақытқа «арзан» несиелер береді. Ал
оның орнына тиімді шарттармен кен орнын игеру құқығын алып жатыр
Де-факто барлық жобалар Қытай бақылауына өтіп жатыр. Тәжік тарапы бұларда қосалқы әртістің рөлін атқарады. Пайданың басым бөлігі Қытай тарапына кетеді. Сарапшының айтуынша, бұл Тәжікстан билігінің келісімімен жасалып отыр. Бұл олардың таңдауы, былайша айтқанда — мәжбүр.
Қытайлық қаржыландыру бар жерде Қытай мүдделері де алға жылжуда. Экономикалық экспансия саяси ықпалды күшейтеді.
Бұл ретте
Қытай факторы Тәжікстанда Жапонияның белсенділігіне де әсер етті.
Жапония Тәжікстанның Су шаруашылығын дамытуға қатысты. Жобалардың көпшілігі сумен жабдықтау жүйесін дамытуға, таза суға қол жеткізуді жақсартуға және су арқылы берілетін аурулардың таралу қаупін азайтуға бағытталған. Алайда, бұл жобалардың кейбірі жергілікті билікке берілгеннен кейін жұмысын тоқтатты.
Қорытындылай келе сарапшы былай дейді,
Тәжікстан «аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау үшін критикалық мәнге ие»
— Оның егемендігін, тұрақтылығы мен экономикалық жаңғыруын қолдау Қазақстанның мүддесінде. Қазақстан — Тәжікстанның басты сауда серіктестерінің бірі. Астана мен Душанбе негізгі үш бағытта тиімді ынтымақтастық құра алады: қауіпсіздік, энергетика, интеграция, — деп есептейді Лаумулин.
Қауіпсіздік саласында есірткі трафигінің, терроризмнің және заңсыз көші-қонның алдын алу үшін толыққанды өзара іс-қимылды жолға қою қажет. Оның ішінде олар мүшелері болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберінде де жүзеге асыруы тиіс. Бұл әскери-техникалық ынтымақтастыққа да қатысты.
Елдің сауда-экономикалық және инвестициялық саласында тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында ынтымақтастық орнаған.
Бұл салаларда Қазақстан түрлі жобаларға инвестиция сала алады
Жұмыспен қамту және көші-қон саласында «еңбек мигранттарын пайдалануды жоспарланған ресми саясат арнасына бағыттау керек». Бұл ретте экономика мен халық шаруашылығы қажеттіліктерін ескеру қажет. Мұндай тәсіл бір жағынан жұмыс орындарын квоталауды, екінші жағынан – визалық режимді және рұқсат беру жүйесін жеңілдетуді білдіреді.
— Екі ел арасындағы тығыз мәдени және гуманитарлық байланыстарды қолдау әлі де өз маңызын сақтап тұр. Тәжікстан Қазақстанның жоғары оқу орындарында өз азаматтарын даярлау түріндегі көмегін қажет етеді. Жалпы Тәжікстан Орталық Азияда интеграциялық үдерістерді жалғастыруда шағын болса да қажетті буын болып табылады, — деп түйіндеді зерттеуші.