Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Қытайды коронавирус үшін сотқа беріп, өтемақы алу мүмкін емес

736
Сурет: magpass.com

Трамп әкімшілігі және АҚШ Конгресі Қытайға қарсы риторикасын күшейтуде. Коронавирустың кесірінен болған адами және экономикалық шығындары үшін  Аспан асты елі жауапты дейді.

Қарапайым америкалықтардың арасында Трамптың  сот арқылы Қытайдан жақындарын жоғалтқаны үшін ақшалай өтемақы талап ету туралы ұсынысы танымалдыққа ие болды. Президент коронавирустан қаза болған бір адам үшін  10 миллион доллар өтеу қажет деді.

АҚШ-та өлім-жітім 100 мыңға жақындап келеді, бұл кем дегенде бір триллион долларды өтеу туралы болуы мүмкін

Вашингтондағы Брукингс институтының мамандары осындай талап-арыздардың шынайылығын және мүмкін болатын салдарын бағалауға тырысты. Поль Цай атындағы Йель заң мектебі қытай орталығының атқарушы директоры Роберт Уильямс өз пікірімен бөлісті.

Талап қоюға  заң кедергі келтіруде

Негізгі кедергі егеменді иммунитеттің құқықтық принципі болып табылады. Бұл халықаралық құқық пен АҚШ  құқығының іргелі принципі. Ол  егемендігі бар елдер өз соттарын бір-бірін соттау үшін пайдаланбауы тиіс идеясына негізделген. Яғни

ұлттық үкімет немесе оның органдары басқа ұлт соттарында жауапкершілікке тартыла алмайды

Кейбіреулер 1976 жылғы заңға сілтеме жасайды, онда шетелдік үкіметке қарсы америкалық соттарға тек ерекше жағдайларда ғана талап қоюға болады деп айтылған. Бірақ бұл ерекшелікті интерпретациялау коммерциялық қитұрқы әрекетке негізделген. Яғни, бұл коммерциялық қызмет.

Сотқа беру үшін қолында бір де бір аргументі жоқ

Бұл заң басқа елдерде нарықтық субъект ретінде жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорынды қорғау мақсатында қабылданды. Ал пандемия бұл заңға сәйкес келмейді. Мәселе ақпаратты жасыру, елеулі қауіп туралы әлемдік жұртшылықты кеш хабардар ету және т.б. туралы болып отыр. Яғни коммерциялық қызмет туралы емес, үкіметтік кемшіліктер туралы.

Бір қызығы, Қытайға емес, басқарушы партия ретінде коммунистерді сотқа беру керек деген ұсыныс білдірілді. Алайда, аргумент те нысанадан қиыс кетіп отыр. Қытай туралы әңгіме болғанда, біз партия-мемлекет туралы жиі айтамыз. Өйткені Коммунистік партия мемлекеттік биліктің жан-жақты және соңғы көзі.

Осылайша, Қытай жауапкершілігін дәлелдеу мен өтемақы орныдылығы туралы айтпағанның өзінде,

бұл америкалық соттардың құзыретінде осы істерді қараудағы алғашқы кедергі ғана

Егер заңды өзгертсе не болады

Теориялық түрде мұндай сценарий болуы мүмкін. 11 қыркүйектен кейін қабылданған заң үлгі бола алады. Ол лаңкестік әрекетінен зардап шеккен АҚШ азаматтарына Сауд Арабиясын сотқа беруге мүмкіндік берді. Бірақ бұл заң терроризмге қарсы және оны қолдайтын мемлекеттерге бағытталған.

Қазір конгресте бірнеше заң жобаларын дайындауда. Егер олардың кем дегенде біреуі қабылданса, американдықтар пандемия пайда болған елді сотқа беру және басқа да мүмкіндіктерге ие болады. Онда заң жобасына қарай сотқа талап-арыз берудің көптеген себебі пайда болады. Бірақ бұнда басқа мәселе туындайды, АҚШ заң шығарушылары өз соттарына кез келген елдің билігін егемендік иммунитетінен айыруға мүмкіндік береді.

Мұнда біз бәрін дұрыс есептедік пе деген сұрақ туындайды? Өйткені біз халықаралық құқықтан егеменді иммунитет ұғымын алып тастаймыз.  Біз бүкіл әлем бойынша бірегей дипломатиялық, әскери, экономикалық және ғылыми зерттеу қызметіне ие болғандықтан, бұл АҚШ мүддесіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан

кез келген басқа елге қарағанда АҚШ тәуелсіз иммунитет принципінің әлсіреуінен көп нәрсені жоғалтады

Біздің саясатшыларымыз егеменді иммунитет — бұл басқа елдерге қызмет ретінде ұсынатын артықшылық емес екенін ұмытқан сияқты. Бірінші кезекте бұл өзара түсіністік. Қазір заң мәселесін шешетін болсақ, көп ұзамай өзімізге кесірі тиюі мүмкін.

Егер іс оңға басса

Мысалы, сот талап-арыздарды қабылдады және қанағаттандырды дейік. Негізі бұлай болуы мүмкін емес. Тіпті  бірнеше жылға созылған сот талқылауынан кейін іс сіз пайдаңызға шешілсе де, алдыңызда өтемақы алуға байланысты мәселе туындайды.

Мәселе Қытайдың оны  төлеуден бас тартуында емес. Себебі егемен меншіктің иммунитеті құзыреттілік иммунитетіне қарағанда кең. Басқаша айтқанда, сіз АҚШ-та орналасқан және жауапкердің коммерциялық қызметіне байланысты активтерден ғана өтемақы ала аласыз. Яғни, АҚШ-та жұмыс істейтін Қытайдың мемлекеттік компанияларынан.

Саясаткерлердің бірі  Америкада коронавирустың таралғаны үшін Қытайға өтемақы  төлетуге мәжбүрлеудің «жақсы» тәсілін ұсынды. Яғни Қытайдың иелігіндегі АҚШ-тың қазынашылық облигациясы бойынша пайыздарды төлеуді тоқтату керек дейді.

Заң тұрғысынан мұндай әрекетті жүзеге асыруға ешнәрсе кедергі болмайды. Шарттарды  немесе  халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттік қарыздың мөлшерін қайта қарау қиын шаруа емес. Бірақ бұл экономикалық жағынан қаншалықты тиімді?

Америка инвесторлардан бас тартуға дайын ба?

Мемлекеттік қағаздар бойынша пайыздарды төлеуден бас тарту дефолтты мойындаумен бірдей. Менің ойымша, бұл АҚШ-тың ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келмейді. Әсіресе, доллардың резервтік валюта ретіндегі рөлін және АҚШ үкіметіне сенімнің толық кредитіне қол сұғылмауын ескеру қажет.

Қазір бізге инвесторлардың сенімі бұрынғыдан да көберек қажет. Пандемияның экономикалық салдарын азайтып,  тапшылықты қаржыландыру үшін көп көлемде қарыз алып отырмыз.

Мемлекеттік қарыздан бас тарту инвесторлар тарапынан сенімнің жоғалуына алып келеді. Өйткені

егер бүгінде Қытайға қарсы осындай әрекетке барсақ, ертең кез келген елге қарсы да солай жасауымыз мүмкін

Мен  тағы бір күлкілі ұсынысты естідім. Оған сәйкес Қытайдың триллион долларды қолма-қол беруі екіталай, сондықтан  тауар және қызмет түрінде төлеуге мәжбүрлеу керек дейді.

Яғни, Қытайлық экспортты триллион долларға ұлғайтуды ұсынады. Бірақ Трамптың өзі жоғары Қытайлық экспортымен күресетінін естен шығарып алды. Бұл жақында болған сауда соғысының негізгі себебі.

Саясаткерлер ойнайтын уақыт емес

Бұл жаһандық шешімдерді талап ететін  дағдарыс. Біз барлық саяси мүдделерді ығыстырып қойып, одақтастармен тығыз ынтымақтасуымыз керек. Менің ойымша, вирустың шығу тегі мен таралуына тәуелсіз тексеру жүргізген жөн.

Барлығымыз бірігіп, Қытайды үлкен ашықтық пен ынтымақтастыққа итермелей аламыз. Бұрмаланған ақпараттың  таралуын тоқтату қажет. Жалпы алғанда коалицияларды құруға баса назар аударуымыз керек. Оның бір бөлігі ретінде вакцина әзірлеу және тарату, тестілеу, емдеу,  нормативтік актілерді үйлестіру жөніндегі трансұлттық шаралар қабылдаған жөн.

Осы мәселеге байланысты соңғы айтарым, барлық күш-құралды Қытайды жазалау тәсілдерін іздеуге  жұмсаудың қажеті жоқ. Одан да маңызды тақырыптар мен мәселелер бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз