Қытайда I am a Singer байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Астанаға не себепті ұшып келгені белгілі болды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайберген мен Hunan TV арнасының түсірілім тобы Астанаға Қазақстан туралы, әншінің туған жері жайлы сюжет түсіруге келіпті.
Сюжет қытайлық телеарнада көрсетіледі.
Ал осыған дейін әншінің PR-директоры әншінің Астанаға ұшып келгенін хабарлаған еді.
“Бітпеген шаруаларды әуеде бітіруге тура келеді. Бір-екі күнге Отанға келіп жатырмыз. Ешқандай БАҚ-пен кездесу, арнайы фан кездесулер мүмкін емес. Бәрі жоспар бойынша! Түсірілім! Түсіністікпен қарағандарыңызға раxмет!!! Мен Астанадамын!!!”, – деп жазған еді Шаримов Instagram желісіндегі парақшасында.
Бүгін, сенбіде шоудың VI-туры көрсетіледі.