Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

“Тұрысбековты таптым”. Қытайдан келген 250 қазақтың мәселесіне Бақытбек Смағұл араласты

Аталған мақала шыққан күні ол Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне хабарласып: «251 отбасын кері қайтарып қойып қарап отырамыз ба?» деп сауал тастапты.

Комитеттегі жауапты тұлғалар депутаттың сауалына: «Біз Abai.kz сайтында шыққан мақаланы оқыдық. Қандастарымызға жалған құжат жасап бергендер ұсталып, қазір жауапқа тартылып жатыр. Істің барысы толық анықталғанша үндемей отырмыз. Бұл іспен өткен ақпан айынан бері ҰҚК қызметкерлері де айналысуда. Алдағы күндердің бірінде бәріне көз жеткізетін боламыз, сосын кесімді сөзімізді айтамыз.

Ал, алыстан көшіп келген ағайынның бір де бірін кері қайтармаймыз. Олар қайткенде Атажұрты Қазақстанда қалады»

– деп жауап беріпті.

Нар тұлғалы, балуан жоталы, батыр депутатымыздан әлгіндей жылы лебізді естіп «Бәрекелде!» дестік. Содан кейін дүние жүзіндегі қазақтың жоғын жоқтап, барын түгендеп отыруға тиіс қауымдастыққа, қауымдастықтың жұмысына бірден бір жауапты адам Зауытбек Тұрысбек мырзаға «Астананың қай қуысына тығылып қалдыңыз?» деп іздеу салған едік.

Зәукеңді Дәукеңнің – Дәурен Қуаттың сайты іздеп жатқанын көре қалған депутат Смағұлов бұл жолы да әбжілдік танытып, Тұрысбекке тура қоңырау шалыпты.  Қоңырау шалып, мәселенің мән-жайын айта бастаған екен, Зауытбек Тұрысбек те сөзге келместен:

«Қауымдастық 251 қандастың хал-жайына қатты алаңдап, қарап отыр. Қолынан жетелеп келтірмесек, келген қазағымызды кері итеретін ел біз емеспіз. 251 ме, одан көп пе, ықтияр хаттың әуре сарсаңына түсіп қалған қазақ баласын жаутаңдатпаймыз. Мәселе оң шешемін табады»

– дегенді айтыпты. Бұғанда «Бәрекелде!» дейміз.

Осындай көңіл тоғайтатын жылы сөздерді жеткізген депутат Бақытбек Смағұлов: «Abai.kz порталы арқылы ағайынға алаң болмасын айтамын. Қосүрейленіп, қорқудың қажеті шамалы.

Сондай-ақ бұдан үлкен мәселе тудырудың да керегі аз. Заңсыздық болған екен, енді шешімін табады. Елім, жерім деп келген қаракөз қандасымыздың бір де бірін жат қолына бермейміз. Олардың жағдайы жақсы болады. Атажұртында өсіп, өркендейді, тамырын тереңге сіңіреді. Қысқасы, ағайын алаң болмасын!» – деді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз