Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
4
USD
481
+1.23
EUR
535
+2.90
RUB
5.28
+0.01

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықпен сұхбат. Борттағылардың барлығы қорғаныс костюмдерінде болды

167
Сурет: gtn-pravda.ru

Эвакуацияланғандардың барлығы медициналық және зертханалық тексеру жүргізу үшін кем дегенде 3 күнге стационарға жатқызылды. Медицина қызметкерлері олардың денсаулық жағдайын қанағаттандырарлық деңгейде деп бағалап отыр. Біз осы рейстің бір жолаушысымен байланысып, эвакуацияның қалай өткені туралы сұрадық.

Адамдарды қалай жинады

Аружанның айтуынша бір аптадай уақыт бұрын барлық арналардан елден шыққысы келетіндер үшін рейс ұйымдастырылады деп хабарланған.

«Белгілі бір қағидаға сүйеніп адамдарды бірнеше топқа біріктіріп жинап, әрқайсысына бір жетекші тағайындаған. Әр жетекшінің қарамағында 5-7 адам болды. Оның міндеті Пекинге келген адамдарды бақылап, оған қатысты ақпаратты анықтау болды. Менің жетекшім бір әуежайдан екінші әуежайға апаратын такси шақырып берді, — деп әңгімелейді.

Сондай-ақ эвакуациялауға жиналғандар сабырлық танытып, жақсы-қарым қатынаста болды деп қосты. Ешқандай ұрыс-керіс, дау-дамай болған жоқ.

«Таксиден түскенде мені ертерек келген студенттер күтіп алды. Олар сөмкелерімді көтеруге көмектесті. Ұшаққа отырар алдында біз бірнеше қағаз толтырып, Уханда болдың ба, кіммен байланыстың және қандай да бір белгілерді байқадың ба деген секілді мәліметтерді көрсеттік. Бұл өте ұзақ және шаршататын процесс болды. Тепловизорлардың көптігі туралы айтпай-ақ қояйын, олар туралы бәрі біледі», — дейді Аружан.

Бұл рейсте жолаушылардан басқалардың барлығы қорғаныс костьюмдерін киген.

«Көптеген жағымсыз сәттер орын алды. Стюардессалардың бірі өте дөрекі және ашулы болды. Ұшақ іші өте салқын, жамылғылар болмады», — деп әңгімелейді Аружан.

Қазақстанда

Нұр-Сұлтанға ұшып келгеннен кейін эвакуацияланғандарды дабыл белгілері бар жедел жәрдем қызметі ауруханаларға алып кетті. Әуежайдың ғимаратына ешкім кірмеді. Емханада барлығын палаталарға бөліп, шығуға тыйым салды.

«Біз бірнеше сағат бойы аурухананың алдында жедел жәрдем көлігінде болдық. Біз бұл жерде кем дегенде үш күн болатынымыз туралы осында келген БАҚ өкілдерінен білдік. Нұр-Сұлтаннан ары қарай ұшу үшін билет алмағаным жақсы болған екен дедім. Біздің рейстегілердің көбі ары қарай ұшып кетеміз деп ойлаған. Ең соңғы рет түнгі сағат екіде ұшақта тамақтанған едік. Түскі сағат бірде ғана тамақ беріп, талдама алды», — деп бөлісті Аружан.

12 ақпанда Қытай астанасына осы мақсатта тағы бір ұшақ жіберіледі. Медициналық қызметкерлер  эвакуацияланатын адамдармен бірге ұшатын болады. ҚХР-дағы Қазақстанның дипломатиялық мекемелері өз жұмыстарын жалғастырып,  қажет болған жағдайта тиісті көмек көрсету үшін ҚР азаматтарымен байланыс орнатуда. Барлық шаралар қытайлық тараппен тығыз қарым-қатынаста жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз