Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қытайда эпидемияның аяқталатыны туралы айтқан ғалым тағы бір болжам жасады

2165
Майкл Левитт. Дереккөзі: Forbes

Левитттің пікірінше, COVID-19 пандемиясы барлығы ойлаған мерзімнен бұрын аяқталады деп хабарлайды   The Russian Times,  Los Angeles Timesс басылымына сілтеме беріп.

Ғалым күн сайын 50-ден астам адам ауру жұқтырған 78 елге бақылау жүргізген. Левит “сауығу белгілері” бар дейді, себебі  күн сайынғы көрсеткіштерді салыстырсақ, аурудың төмендегенін көруге болады.

— Вирус жұқтырғандар көп болғанымен, олардың күн сайын төмендеп келе жатқанының нақты белгілері бар, деді ғалым.

Сондай-ақ, биохимик ресми деректер де рас келуі мүмкін екенін айтып отыр.

Нобель сыйлығының лауреаты  пандемияның жақын арада тоқтайтынына сенімді. Айта кететін болсақ, бұған дейін осы ғалым Қытайдағы коронавирустың тоқтауы туралы жасаған болжамы дәл келген еді.

— Біз ең бастысы халық арасында үрей туғызбауымыз керек, барлығы жақсы болады, — деген еді ғалым.

Ақпан айында Левит өзінің әріптестерімен бірге баяндама дайындады, онда шарықтау шегіне жеткен коронавирус жақын арада, бір-екі аптаның ішінде тоқтайды деп айтқан.

Оның баяндамасында 80 мыңға жуық қытай COVID-19 індетінен жапа шегеді, 3,25 мың ҚХР халқы аурудың құрбаны болады деген еді. 2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша Аспан асты еліндегі 81470 адам вирус жұқтырса, 3 304 адам қаза тапты. Наурыз айының ортасында ҚХР-да коронавируспен ауырған адамдар саны азая бастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз