Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қытай жанкүйерлерінен кембіз бе?”. Астана студенттері Димашқа тосын сый дайындап жатыр

Мен Астанадағы ең көрнекті LED экрандардың бәрімен келісіп қойдым. Онда Димашты құттықтаған арнайы бейнеролик күні бойы айналып тұратын болады. Бұл Димаштың өнерін бағалайтын жандардың сыйлығы деп білерсіздер», – дейді Астанадағы Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің студенті Ақеділ Нұрболатұлы.

Еске сала кетейік, алдында Қытай фанаттары Димашты наурыз мерекесімен құттықтап, Алматыдағы LED экрандарға тапсырыс беріп, құттықтаулар жолдаған.

https://kaz.365info.kz/dimashtan-ayajmyn-ba-khytaj-zhankyjeri-khandaj-khadamga-barganyn-bilesiz-be-video-255167

Димаш 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Әкесі Қанат Құдайбергенұлы және шешесі Светлана Айтбаева Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, бұл отбасы өмірін өнер жолына арнаған адамдар.

«Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда ерекше танымалдылыққа ие болды. Жас талант 23 наурыз күні Шаңхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, 9 сәуір күні Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз