Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қытай коронавирус эпидемиясының таралуын болдырмау үшін қағаз ақшаларды жойып жатыр

256
Қытайдың Халық банкі жариялаған жаңа шаралар Covid-19 деп аталатын коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған. 18 ақпандағы мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша 73 мың адам вирус жұқтырып, 1 874 адам қаза болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы заттардың үстіңгі қабатында ең көп дегенде бірнеше сағат бойы өмір сүреді. Сондықтан вирустан аса қатты зардап шеккен аудандарда есіктердің тұтқаларын, жедел сатылардағы батырмаларды және адамдар ұстайтын заттардың беткі қабаттарын залалсыздандырып жатыр.

Сондай-ақ Қытайдың Халық банкі өткен аптаның соңында

ақша бір күннің ішінде бірнеше адамның қолына түсіп, вирус жұқтырудың ең қауіпті тәсілдерінің бірі болып отыр деді

От пен жарық

Ресми үкіметтің баспасөз хабарламасына сәйкес қытай банктерінің барлығы  тура мағынасында айтқанда өз ақшаларын жууы керек. Яғни, оларды ультракүлгін жарық пен жоғары температураның көмегімен зарарсыздандырып, кейіннен карантинге жіберуі керек. Арнайы ғимараттарда екі апта бойы сақталғаннан кейін ғана ақша белгілері айналымға жіберіледі.

Қытайлықтар барлық қолда бар құралдарды пайдаланып, өздерін қорғауға тырысуда.

Алайда қауіп-қатер деңгейі аса жоғары аудандар ман нысандардан, мысалы ауруханалар мен базарлардан келіп түскен ақша өңдеуден өткеннен кейін орталық банкіге жіберіледі. Баспасөз хабарламасында:

«…ерекше амалдар қолданылады. Жойылуы да мүмкін» делінген.

Қолма-қол ақша ұсыныстарының орнын толтыру үшін банк жаңа індет жұқпаған ақша белгілерін қажетті көлемде шығармақшы. Осы мақсатта Орталық банк Ухань қаласына жаңа банкноталар түрінде 4 млрд юан (573,5 млн долларға жуық) бөлді.

Керек бола қалса

Вирустан өте қатты зардап шеккен провинциялар арасында физикалық ақша аударымдарын болдырмау  шаралары қолданылуда. Бұл қаражат көзінің транзиті кезінде вирустың берілу мүмкіндігін шектейді.

Әзірге бұл шаралардың қаншалықты дұрыс екені белгісіз. Біріншіден, адам организімінен тыс жерде вирус тек бірнеше сағат өмір сүреді деген пікір болжам ғана. Екіншіден, Қытай қалаларының халқы коронавирус тараған уақыттан бұрын да қолма-қол ақша төлемін пайдаланбай, мобильдік төлемдерге басымдық берген.

Дегенмен Қытай үкіметінің қорқынышының негізі бар. 2017 жылы Нью-Йорк қаласының ғалымдары бірнеше мың ұсақ қағаз ақшаға спектрлік талдау жасаған.

Бұл зерттеу нәтижесі әр қағаз ақша өзінің бойында қоршаған ортаның бір бөлігін сақтап қалатынын, ал ол бір адамнан екінші адамға берілетінін дәлелдеген. Ақшадан

адамдар мен жануарлардың ДНҚ-сы, есірткінің қалдықтары, түрлі бактериялар мен вирустар табылған

Бұл мәлімет қағаз ақша адам денсаулығына шынымен де қауіпті дегенді білдірмейді, бірақ олар жұқпалы ауруды тасамалдамайды деп те айта алмаймыз. Қытайдан күн сайын ауру жұқтырудың жаңа түрі туралы хабарламалар түсіп жатқандықтан ресми тұлғалар радикалдық шараларды қолданып жатыр.

Алтын және хоккей ойынының таяғы

Бизнестің тоқтауы Қытай экономикасына кері әсер етуде.  Сарапшылардың бағалауы бойынша коронавирустың таралуы елге 45-тен 65 млрд долларға дейін шығын әкелуі мүмкін. Сондай-ақ экономистер Қытайда адамдарды оқшаулау ары қарай жалғаса беретін болса, көптеген кәсіпорын банкротқа ұшырайды деген болжам жасауда. Бұл адамдардың жаппай жұмыстан шығарылып, жұмыссыздықтың өсіне және тұрғын үй сатып алу құқығынан айырылуына әкеледі.

Аспан асты елі осы аптада кәсіпорындардың бір бөлігі жұмыстарын жалғастыра бастады деп хабарлады. Ауылдан қалаға қатынап жұмыс істейтін жұмысшыларға қайтадан қалаға келуге рұқсат берілді. Олар мерекенің алдында мегаполистерді оқшаулау үшін қалалардан шығарылған болатын. Сондай-ақ көптеген компаниялар  мүмкіндігіне қарай,  адамдардың үйден жұмыс істеуіне рұқсат берген.

Қытайдың сауда министрлігі келтірілген экономикалық шығынды алға тартып, азық-түлік маркеттерінің жұмыстарын жалғастыруға міндеттеді.

Дегенмен бұл өндіріске тікелей қатысы бар салалардағы шағын бизнеске қатысы жоқ деуге болады. Ал өткен жылдың қыркүйегінде жарияланған мемлекеттік статистикаға сәйкес

30 млн-ға жуық шағын және орта кәсіпорындар елдің ЖІӨ-нің 60%-на дейін қамтамасыз етеді екен. ҚХР-дағы жұмысшылардың 80%-на жуығы осы салада жұмыс атқарады. Олардың төлейтін салықтары мемлекеттік кірістің жартысынан астамын құрайды

Аспан асты еліндегі дағдарыс халықаралық сауданың, әлемдік автоөнеркәсіптің, жүк тасымалының күрт төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар коронавирус әсері түрлі салаларда байқала бастады. нәтижесінде әлемдік зергерлік брендтер қазіргі таңда шығындарын есептеуде, себебі сәндік бұйымдардың  30%-ын  Қытай халқы сатып алып отырған.

Ұлттық хоккей лигасы (ҰХЛ) сапалы хоккей таяғына сұраныс күннен күнге артуда деген ақпарат берді. Себебі хоккей құрал-саймандарының 75%-ы Қытайдан жеткізіліп отырған.

Дегенмен, кейбір сарапшылардың пікірінше әр істің бір қайыры бар. Коронавирус салдарының  оң әсері – әлемдік экономиканың қытай өндірушілеріне тәуелділігінің төмендеуі. Бұл аспан асты елінен тыс жерлерде өндірістің дамуына әкеледі. Нәтижесінде әлемдік экономиканың құрылымы өзгереді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз