Қытайдың Білім министрлігінің бекітуі бойынша Шанхай Халықаралық Зерттеулер университеті 2017 жылдан бастап, қазақ тілін үйрететін арнайы бөлім ашады,-деп хабарлайды «Қасым-ақпарат».
Аталған оқу орнында білім алып жатқан ағылшын студенттері былай дейді:
— Аталмыш университет Қытай елінде шет ел тілдерін үйрету саласы бойынша озық болып табылады және де оқуға түсуге ниет білдірушілерге қойылатын талап өте жоғары. Бұл шешім Қытай елінің «The Belt and Road» атты саясаты бойынша қолға алынды және Димаштың қаңтар айында «I am a singer» жобасына қатысуына тікелей әсер етті.
— Менің естуімше, Қазақстандағы жастардың көбісі қазақ тіліне қарағанда, орыс тілінде сөйлеуге бейім екен. Мен Димаштың керемет дауысы және сымбаттылығымен қатар оның ұлтжандылығын қатты бағалаймын.
Өздеріңіз көріп жүргендей ол Қытайда тек қазақ тілінде сұхбат береді. Мен бұл ел туралы еш нәрсе білмейтін едім. Бірақ Димаш пен B&R саясатының арқасында мен Қазақстан туралы көп біле бастадым және маған Димаштың қазақ тілінде сұхбат бергені ұнайды. Димаш өз ойын қазақ тілінде тамаша жеткізеді, бұл маған қазақ тілі әлемдегі керемет тілдердің бірі деген ой қалыптастырды,-дейді.