Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
458
0.00
EUR
491
0.00
RUB
5.97
0.00

Құрлықтық хоккей лигасы Дамир Рыспаевқа кешірім бермеді (фото)

2016 жылдың тамыз айында ҚХЛ қазақстандық хоккейшіні мерзімсіз жазалаған еді. Себебі «Барыс» сапында ойнап жүрген Дамир маусым алдындағы ойындардың бірінде жаға жыртысқан-ды.

Нақтырақ айтсақ, Қытайдың «Кунлунь Ред Стар» командасына қарсы ойында бірнеше ойыншыны қуып жүріп сабаған еді. Тіпті Томаш Марцинко Дамирмен болған жекпе-жектен кейін ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Нәтижесінде ҚХЛ-дің қаһарына ұшырады. Қыркүйек айында тәртіптік бақылау комитеті хоккейшіге Жоғарғы хоккей лигасында «Торпедо» командасы сапында ойнауға рұқсат берді. Ал құрлықтық хоккей лигасының есігі жабық қалған еді.

«2 қараша күні тәртіптік-бақылау комитеті ҚХЛ ойындарына қатысу туралы Рыспаевтың өтінішін қарады. Барлық материалдарды сараптай келе, хоккейшінің өтінішін қанағаттандырмады», – деп хабарлаған жарыстың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Дамир Рыспаев – Өскемен хоккей мектебінің түлегі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз