Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды Кіріс комитеті түсіндірді

144
open.kg

Наурыз айының соңынан бастап қырғыз жақтан келетін автокөліктердің кептелісі байқалған. Мемлекеттік Кірістер комитеті төрағасының м.а. Қуат Рахимов жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

Спикердің айтуынша, 30 наурызда отандық және қырғыз кеденінің басшылығы жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Қырғызстанға импортталатын Қытай тауарларының кедендік құнын төмендету фактілерін атап өтті, бұл ЕАЭО елдерінің бюджетіне орасан шығын келтіріп жатыр. Күмәнді декларациялауды анықтау, тауарлардың нақты құнын қамтамасыз ету және импорт бойынша ақпарат алмасу жөніндегі шаралар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кеден және шекарашылар функциясына шекарада елдің экономикалық мүдделерін қорғау да кіреді. Жамбыл облысындағы өткізу пункттерінде Қазақстан тарапы Қазақстанға әкелінетін, сондай-ақ біздің еліміз арқылы Ресейге транзитпен өтетін Қытай тауарларын тексереді. Атап айтқанда, тексеру кезінде тауарға арналған құжаттардағы мәліметтер нақты жүкпен салыстырылады.

Қазақстанда Қырғызстанның Мемлекеттік Кеден комитетінің бірқатар өкілдері бақылаушылар болып отыр. Олар кәсіпкер-отандастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қырғыз өндірісінің тауарлары Қазақстан шекарасы арқылы кедергісіз өтеді. 27 наурыз – 4 сәуір аралығында Қазақстанға біздің елде сату үшін қырғыз тауарларымен 265 машина және Қырғызстаннан 455 транзиттік жүк көлігі жүрді.

Тауарға арналған құжаттары тауар санына сәйкес келмейтін тасымалдаушылар құжаттар түзетілгенге дейін шекара арқылы өткізілмейді. 27 наурыз – 4 сәуір аралығында құжаттардың сәйкессіздігі 18 тексеру кезінде анықталды. Тағы бір жағдайда тауарларға құжаттар тіпті болған жоқ.

102 жүргізуші тауарға құжаттар ұсынбай, шекарадан өз еркімен кетіп қалды. Қазақстан тарапынан көліктердің шоғырлануы тіркелмеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз