Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қырғызстандағы коронавирус елдің солтүстігіне қарай ауысты

243
Сурет: © AFP 2019 / VYACHESLAV OSELEDKO

Сәуірдің бірі күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков кенеттен екі шенеунікті,  Денсаулық сақтау министрі Қосбек Чолпонбаев пен вице-премьер-министр Алтынай Омурбекованы қызметінен босатты.

Эпидемия жағдайындағы осындай күрт өзгерістер қоғам таңқалдырды. Әрине, Чолпонбаевтың қызметі мен құзыреттілігіне қатысты сұрақ туындаған еді, алайда сарапшылар өтпелі кезеңде өзгерістің қажеті жоқ деген логиканы ұстанады.

Коронавирусқа қарсы жұмыстың барлығын жүргізіп отырған Омурбекованың жұмыстан босатылуына қатысты қарсы пікір көп болды

Оның арқасында республикалық штабта көп жұмыс атқарылды, ол өзінің маңайына түрлі саланың тиімді кадрларын жинай білді деп есептейді.

Айта кету керек, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Президент штаб пен денсаулық сақтау министрлігінің қызметін сынға алды. Сондықтан кадрлық өзгерістер туралы шешім алдын ала қабылданған болса керек.

Орнына қоятын адамдарды тез табылды. Денсаулық сақтау министрі болып эпидемиолог Сабиржан Әбдікерімов тағайындалды. Премьер-Министр орынбасарының орны ЖК депутаты Аида Исмаиловаға бұйырды. Екеуі де қатаң карантин және коронавирустан болған дағдарыс жағдайында қызметке кірісті.

Вирус солтүстікке қарай жылжуда

Қырғызстан билігі елдегі коронавирустың таралуының алдын алуға үлкен күш салғанына қарамастан, вирус солтүстік облыстарға да еніп үлгерді.

Елдің оңтүстігіне Сауд Арабиясынан әкелінген вирусты тоқтата алмады

Осылайша, 14 сәуірде Президенттің Жарлығымен Нарын облысының Ат-Башин ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді. Сол кезде аймақта COVID-19 жұқтырудың 20-дан астам жағдайы тіркелген, бүгінде 80-нен астам жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, ел астанасында ауырғандардың статистикасы қарқынды түрде артып отыр.

29 сәуірдегі мәліметтер бойынша елде вирус жұқтырғандар  саны 729 адамға жетті. 437 адам емделіп, 8-і қайтыс болды. Мыңнан астам обсервацияда жатыр. Шу облысында  232 адамнан вирус анықталды.

Талас облысы — Қырғызстандағы жалғыз қауіпсіз орын, онда әлі күнге дейін бірде-бір оқиға тіркелген жоқ

Эпидемия, оның шыңы және карантиндік шаралардың аяқталуы туралы нақты деректер әзірге жарияланбады. Мамандар үйде жазға  немесе күзге дейін отыруға тура келе ме қауіптенеді.

Бар ауыртпалық дәрігерлерге түсіп отыр

Вирус жұқтырғандардың арасында медицина қызметкері өте көп. Бұл факт қоғам тарапынан өткір сынға ұшырады. Себебі, індет басталғаннан бері дәрігерлердің өзі де және басқа да анонимдік деректер жеке қорғану құралдарының жетіспейтінін хабарлаған.

Шынында да, алғашқы күндері дәрігерлерге «қолда бар»  құралдармен қорғануға тура келді. Қазіргі уақытта мәселе шешілді, ел гуманитарлық көмектің үлкен көлемін қабылдап, жеке қорғаныс заттарын өз бетінше сатып алуда.

Бұл жерде басқа фактор бар — медицина қызметкерлерінің кейбір өкілдерінің біліксіздігі. Мамандар індет жағдайында жұмыс істеуге дайын емес, кейде сақтық шараларын естен шығарады. Өңірлердегі дәрігерлер кейде тіпті әлеуметтік арақашықтықты және басқа да нұсқамаларды да сақтамаған. Алайда,

мұндай қиындықтар қазірде денсаулық сақтау жүйесі күшті елдердің де басынан өтуде

Енді дәрігерлердің мәселелері қатаң қоғамдық бақылауда тұр. Белсенділер сыйлықақы мен өтемақыларды толық көлемде төлетуді көздеп отыр. Ұзақ уақыт бойы денсаулық сақтау жүйесі қалдық қағидат бойынша қамтамасыз етілді, ал індет барлық проблеманы айқындады. Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы саясатын қайта қарайтын сәт туды.

Уақытын ұзартасыздар ма?

28 сәуірде президент Жээнбеков Нарын облысының Жалал-Абад, Ош, Бішкек қалаларында және Ат-Башин ауданында ТЖ режимін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды. Енді ел азаматтары 10 мамырға дейін карантинде болуға мәжбүр. Бірақ бұл жолы бірқатар жеңілдіктер  жасалады.

Ол үш кезеңнен тұрады, онда кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпкерлік объектілерін іске қосу ережесі сипатталған. Өнеркәсіп, құрылыс, көтерме, интернет-сауда, такси және сұлулық салондары 1 мамыр күні жұмыс істей бастайды. Олар сақтық шараларын сақтауға міндетті.

Екінші кезең — 11 мамырдан 21 мамырға дейін — сауда нүктелеріне, қаржылық қызметтерге, қоғамдық көлікке және т.б. толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Барлық жүйені сынақ режимінде 21 мамыр күні іске қосады. Алайда құжатқа сәйкес, дер кезінде әрекет ету үшін төтенше жағдай режимі сақталуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда 21 күндік карантин 18 наурызда басталды, ал бір айдан кейін, 15 сәуірде  мамыр айына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Халықаралық сұрамшақтық

Індет кезінде сыр берген сала тек денсаулық сақтау жүйесі емес. Ұлттық экономика да сыннан  өтті. Биліктің іс-әрекетіне қарап,  өзекті мәселелерді шешу үшін ішкі ресурстардың жеткіліксіз екенін түсінуге болады.

Жоғары лауазымды шенеуніктер  Халықаралық донорлармен шұғыл түрде келіссөздер жүргізеді. Тіпті президенттің өзі Дүниежүзілік банк басшыларына жеке қоңырау шалып, халықаралық құрылымдардың өкілдерімен кездесті.

ХВҚ Қырғызстанға $240 млн қаражат бөлу туралы ниетін растады. Оның жартысы көмек емес, несие түрінде.

Еуропа Қайта Құру және даму банкі шамамен $150 млн, Ислам Даму Банкі — $11 млн бөлмек. Тұрақты түрде гуманитарлық көмек көрсетілуде. Биліктің іс-әрекетіне қарағанда, бұл әзірше жеткіліксіз болып отыр.

Қырғыз экономикасының дәстүрлі тірегі болған РФ, Түркия, БАӘ және тіпті ЕО елдеріндегі көптеген мигрант карантин кезеңінде жұмысынан айырылып қалған немесе алдағы уақытта жұмысынан айырылуы мүмкін. Олардың Отанына оралуын ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарастыру керек. Өйткені, осының нәтижесінде ақша аударымдарының құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі және тұрақсыздықтың өзге де факторларға алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, өңір тұрғындары сенім артқан туристік сала да өз позициясын жоғалтты. Туроператорлар келесі бірнеше жылда туристер көптеп келеді деп күтпеуге болатынын айтады. Басқа да аймақтық экономикалық тізбектер бұзылды. Ең алдымен, елдер арасындағы оқшаулаушы көңіл-күй одан әрі нығая түсті.

Экономикалық және әлеуметтік жағдайдың нақты ауқымын бүгінде Үкімет те, қоғам да елестете алмайды. Орталық Азияның ең саяси тұрақсыз Республикасындағы оқиғалар әрдайым тез дамыды. Ал митингтер мен билікпен қақтығыстар карантинге дейін, көктемде болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз