Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қырғызстанда өндірілген кей тағамдар сапасыз әрі қауіпті болып шықты

Оның айтуынша, сүт өнімдерін шығаратын «Ақ сүт» компаниясының, «Куликовский» кондитерлік кәсіпорнының және ірімшік өндіретін «Эмиле» компаниясының кей өнімдеріне тыйым енгізілген деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Бекшин бұған дейін Қазақстан «талапқа сәйкес келмейтіні анықталған» қырғызстандық «ТМ Риха», «Вимм-Биль-Дамм» компанияларының өнімдеріне тыйым салынғанын айтқан.

«Былтыр қырғыз өнімдерінің төрт пайызы техникалық регламентке сәйкес келмесе, биыл бұл көрсеткіш он пайызды құрады. Яғни, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі екі жарым есеге төмендеді», – деп мәлімдеген Бекшин.

Оның сөзінше, Қазақстанға сапасыз өнім импорттайтын елдер арасында Қырғызстан Ресейден кейінгі екінші орынға шыққан.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің пікірінше, қырғызстандық өнім өндірушілер тауарды Қазақстанға контрабандалық жолмен енгізуді де тоқтатпай отыр. «Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ел аумағына заңсыз өнімдер келіп жатқаны туралы кеден органдарына ақпарат жолдады» деп мәлімдеген Бекшин.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, Қазақстан тарабы қазанның 21-і мен 28-і аралығында «заң талаптарын бұзғаны анықталған» 100 тоннадан аса өнімді ел аумағына өткізбей қойған.

Қазақстан 10 қазаннан бастап Қырғызстанмен шекарасындағы бақылауды күшейткен. Астана мұны «контрабандалық тауарға қарсы күрес» қажеттігімен түсіндірген. Алайда Бішкек Қазақстан тарабы «қолдан кедергі жасап отыр» деп санайды.

Женевада 10 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) сауда жөніндегі кеңесінің отырысында Қырғызстанның Қазақстанмен шекарадағы жағдайға байланысты шағымы қаралды. Онда қырғыз делегациясы Қазақстанды «ДСҰ-ның негізгі принциптерін, мәселен, барынша қолайлы жағдай жасау режимін, ашықтықты қамтамасыз ету туралы ережені, сонымен бірге транзит еркіндігі мен кемсітпеушілік туралы қағидаттарды бұзып отыр» деп кінәлаған. Қазақстан жағы «шекарадағы жасанды кедергі» туралы айыптауды жоққа шығарып, шекарадағы тексерудің күшейтілгенін «контрабандаға» қарсы күрес қажеттігімен түсіндірген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз