Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қырғызстанда қыз өліміне қатысты полицейлер қызметін босатты

Қызметтік тергеу бойынша ішкі істер органдарының жалпы 23 қызметкері жазаға тартылған.

Қызметтік тергеудің қорытындысы прокуратураға жіберілген. Жайыл ауданы прокуратурасы милиция қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы (“Немқұрайлылық”) бойынша іс қозғаған.

27 мамырда Шу облысы Жайыл ішкі істер бөлімі ғимаратында 20 жастағы Бурулай Турдаалықызы қаза тапты. Милиция бөлімінде оны алып қашқан жігіт пышақтап өлтірген, кейін өзін де жаралаған. Қазір жігіт ауруханада жатыр.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Мұхаммедкалый Абылғазиевпен кездесуінде милиция бөлімінде мерт болған Бурулай Турдаалықызының өліміне жол бергендерді аяусыз жазалауды талап еткен.

Дереккөз: «Қамшы» 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз