Қырғызстанда алдағы 1,5 жылда басты назар экономикалық мәселелерге емес, саяси түйткілдерге тігіледі. Түркістан бойынша сарапшы анонимдік жағдайда REGNUM АА -ға республиканың саяси асүйінің ерекшеліктері туралы айтып берді.
— 2020 жылға белгіленген сайлауға қандай партиялар қатыса алады?
— Партиялар өздерін қалай атаса да, нақты идеологиясы мен бағдарламалары жоқ. Ресми бірлестіктердің басым көпшілігі хамелеон сияқты маңдайшаны өзгертуге дайын. Ал партия ішіндегі дүниелер террариумнан айырмашылығы аз. Алдын ала айта кететін жайт, болжанып отырған жағдайда адмресурс, сыртқы ойыншылардың мүдделері, мерзімінен бұрын сайлау өткізу ықтималдығы және сайлауда зор әсерге ие өзге де параметрлер ескерілмейді.
Мен ағымдағы электоралды циклдің басында байқалатын ішкі құрамдас бөлікті ғана сипаттаймын. Қазір болашақ үміткерлер ойнай алатын бірнеше маңызды тақырыптарды атап өтуге болады.
Бірінші топ — мигранттар. Қырғызстаннан келген еңбек мигранттары көп. Олардың ресурстары бар, бірақ Парламентте олардың мүдделерін қорғайтын өкіл жоқ.
Кейбір саясаткерлер мигранттарды өз қанатының астына біріктіруге тырысуда. Және кейбірінің қолынан келді де — мысалы, Адахан Мадумаровтың
Екінші топ, бірақ ел ішіндегі, ол — мұсылмандар. Әзірге ел және конституция ислам партиясының сайлауда пайда болуына дайын болмаса да, идеяның талқыланып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Егер мұсылмандарды біріктіруге қабілетті адамдар табылса және оларға “зайырлы” саясаттанушылар ұсына алмайтынды ұсынуға уәде берсе, бұл электоралдық топ өз күшін көрсете алады.
Қазір мұндай бірлестік бар, бірақ басқа маңдайша астында. Оны Бақыт Торобаев басқарады, ал партия “Онугуу-Прогресс” деп аталады. Егер олар діни электоратқа бағдар ұстаса, жылдар бойы олардың сайлаушыларының саны өседі. Өйткені, Қырғызстанда діншіл жастар көбейіп келеді.
Саяси партияға ресімдеуге сәтсіз әрекет жасаған үшінші топ — ұлтшыл көзқарастарды ұстанатын адамдар. Сол кездердегі “Замандаш” партиясымен біріктіруге тырысқан бақылаудағы ұлтшылдық қозғалысын құру Алмазбек Атамбаев заманындағы “Ақ үй” жобасы болды. Сол кездері өкілдері рейдтер жасап, елден шетелдіктерді қууға шақыратын “Кырк чоро” қозғалысы да пайда болды.
Көп ресурсы мен қолдауы жоқ, саны аз төртінші топ — шартты түрде батыстық бағытты ұстанатын жастар. “Шартты түрде” деп айтып тұрған себебім, осы жағдайда олар бір топ болып сө сөйлеп, жеңе алады дегенге күмәнім бар. Бірақ, әрине, олар үлкен әлеуетке ие және “өсуге” бағытталған жоба болып табылады. Шетелдік демеушілер тарапынан қаржылай көмек алса “атылатыны” сөзсіз.
— Билік және оппозициямен келіссөздер жүргізетін бейтарап жақтар бар ма?
— Билікпен келіссөздер жүргізетін “белгісіз кандидаттардан” іздеуде жүрген, “Республика — Ата-Жұрт” партиясының бұрынғы басшысы Өмірбек Бабанов және бір бөлігі республикалық парламентте отырған криминалдық құрылымдардың өкілдері қалып отыр.
Қырғыз криминалитеті — бұл ең жайлы келіссөзшілер
Олар не қалайтынын, және өзін қолдауға қандай баға сұрай алатынын біледі. Олардың қаржы және адами ресурстары бар — қалаған уақытта іске қосылуға дайын күш-қуат бірлестіктер.
Қылмыстық авторитеттер билікпен де, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевпен де келіссөздер жүргізуге тырысатын болады. Бабанов пен Атамбаев одағына күмәнім бар. Бірақ екі саясаткер де бізді бірнеше рет таң қалдырғанын еске түсірсек, болжам жасағым келмейді.
— Қазіргі партиялар сайлауда жеңіске жету үшін жеткілікті ресурстар мен қолдауға ие ме?
— Таза күйінде мұндай мүмкіндікке көбі ие емес. Қалай болғанда да, партиялар ресми немесе бейресми деңгейлерде бірігетін болады. Қазір ең ықтимал нұсқа —
бір қозғалыстың шартты өкілдері әртүрлі саяси партиялардың қатарында ресми түрде жазылуы
Мысалы, Ош қаласының бұрынғы мэрі Мелис Мырзакматовтың партиясы ұлтшылдық сипатқа ие. Бірақ партия штабының басшысы болып АҚШ қолдайтын либералды-демократиялық топтардан Конституциялық Соттың бұрынғы судьясы болды. Егер барлық контексті білмесе, ұзаққа баратын және қате қорытындылар жасауға болады.
— Сайлауға дайындық ағымдағы экономикалық жобаларға қалай әсер етеді?
— Теріс. Сайлауға дайындық және биліктің оппозициямен күресі қазірдің өзінде кері әсер етіп жатыр.
Бішкек тағы да саясатпен басы қатып жүр. Экономика екінші планға ысырылған
Бішкектің Тәжікстанмен шекарадағы атысқа реакциясы және Якутиядағы антимигранттық сөз сөйлеулері сыртқы мәселелердің кейінге шегерілетінін көрсетті. Қырғызстанда тағы бір жарым жыл проблемаларды елемеу және саяси түйткілдерге көбірек мән беру басталады.