Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қырғызстанда Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды

«Қырғыз Республикасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалының ашылуы екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. ЕҰУ филиалы қырғыз студенттеріне халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік беретін, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға, инновацияларды енгізуге, сондай-ақ экономиканың негізгі саласы үшін қажетті мамандарды дайындауға ықпал ететін заманауи білім беру және ғылыми орталық болады. Оның қызметі бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақты дамуы мен өркендеуі үшін берік зияткерлік іргетас қалыптастырудың негізі», деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Айта кетейік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті академиялық ұтқырлық және қос дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша Қырғыз Республикасының 16 университетімен серіктестік орнатқан.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз