Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қырғызстан БҰҰ мінберінде тұрып шекарадағы шиеленіске Қазақстанды айыптады

“Дамушы елдерді саяси және экономикалық қыспаққа алу құралы ретіндегі біржақты экономикалық шаралар” деп аталатын қарарды қарау барысында Қырғызстанның ресми өкілі Мейіргүл Молдаисаева мәлімдеме жасады. Ол 10 қазаннан бастап Қазақстан тарапынан адамдарды, көліктер мен тауарларды шекара арқылы өткізуге жасанды кедергілер енгізіліп жатқанын атап өтті.

Молдаисаева БҰҰ-ға мүше елдерге қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы –  “Қырғызстанды экономикалық шығынға ұшырату және елдің инвестициялық, туристік тартымдылығын төмендету мақсатында экономикалық және көліктік блокада қолданылғаны туралы” хабарлады.

Қырғызстан “бірде-бір мемлекет өзге елді өзіне қарату мақсатында біржақты экономикалық, саяси және өзге сипаттағы кез келген шараны қолдана алмайды ” деп жазылған қарардың басты идеясын қолдады.

Қырғызстан делегациясы қабылданатын құжат екі бауырлас елдің қарым-қатынасын нашарлатып қана қоймай, елдердің тұрақты дамуына тосқауыл болатын кедергілерді тоқтатуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз