Мәскеудің орталығында белгісіз екеу бір бойжеткенді зорлап, тонап кетті. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме берген «Москва» қалалық жаңалықтар агенттігі хабарлайды.
Қылмыс Причальный проезд көшесінде жасалыпты. 22 жастағы қырғыз қызы Белорусский вокзалы маңайында азиялық нәсілді екі жігітпен танысып, олармен бірге ішімдік ішкен. Содан кейін біраз қыдырып, Причальный проезд көшесіндегі бір үйдің подъезіне кіреді, сол жерде тағы да ішімдік ішуді жалғастырған екен.
22 жастағы қырғыз қызы әлгі жігіттердің түр-әлпетін есіне түсіре алмай отыр, өйткені ол кезде қатты мас болыпты.