Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қырғыздар көмектен неге бас тартты?

355

Алғатбек Қыдырбекұлы

Барлық сарапшы бір ауыздан, бұл ақшадан бас тартқан Қырғыз елі ұтылады, ал Қазақстанға, тіпті, жақсы дегенді айтады.

Ақымақтық қой…

Халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы Алмазбек Атамбаевтың қырғыздарға сор болып жабысқанын айтады.

– Ол кіммен ұрыспады дейсіз. Бәрімен. Қазақстан – олар үшін үлкен нарық. Ең ақыры, содан айырылып қала жаздап отыр ғой. Тағы Атамбаевтың кесірі.

Негізі, саясатта ақыл болмаса, өте қиын. Ал мол ақшадан бас тарту ақымақтық емей, немене?.. Бізге, тіпті, жақсы. Келісімшартты бұзбай-ақ өз олжамызды сақтап қалдық.

Дүниежүзілік сауда ұйымына енген қырғызға тауарлар арзан келеді. Оны іргеде отырып, бізге қымбатқа өткізіп, олар жақсы пайда тауып отыр. Оған біз кедергі болған емеспіз. Көп нәрсеге көз жұмып қарадық. Жағдайларын түзеп алсын дедік. Атамбаевтың мәлімдемесінен соң, тәртіпті кішкене күшейтіп жіберіп едік, жандары шығып кете жаздады. Онда да өз жайларына қарамайды, мінезге салғысы келеді. Бірақ бұл мінез емес, ақымақтық.

Дүниежүзілік сауда ұйымына барып, Қазақстанның үстінен шағымданған ғой. Осы ақылға келе ме? Тіпті, жөнсіз нәрсе.

https://kaz.365info.kz/olar-nagyz-khyrgyz-zhane-khalmakh-khyrgyz-bolyp-bolinedi-sayasattanushy-korshi-eldin-syryn-ajtty-286041

Қазақстан бұл ұйымның мүшесі емес. Олар не істейді? Демек, үлкен саясатта тәжірибелері аз. Бірақ сөйтті екен деп, біз де ақымақтыққа баруымыз керек пе, керегі жоқ оның, – дейді маман.

Бәрін істеп отырған – Атамбаев…

Әзімбай Ғали

Саясаттанушы Әзімбай Ғали қырғыздардың дәмесі зор екенін айтады.

  • – Қырғыздар Қытай тауарын тасымалдайтын қып, өздерін хабб жасап алды. Енді, соны Қазақстанға жеткізіп байысам дейді.

Еуразиялық экономикалық одақты пайдаланып, тегін жүрем жерінен дейді. Олай болмайды ғой…

Отандық тауар өндіруші деген бар. Қытайдың тауарын қырғыз арқылы емес, өзіміз де таси аламыз. Оны әдейі шектеп отырмыз, жергілікті тауар өндірушілерге жақсы болсын деп. Оны түсінгісі келмейді олар. Шолақ ойлайды, шорт кеседі. Бірақ Қазақстан көршісінің жайын, мінезін жақсы біледі. Сондықтан мұндайда үндемей құтылады.

Ал қырғыздар базынасын анда-мұнда айтып, шағымданып, ақыры, өздерінікі дұрыс емес екенін түсінеді, сөйтіп, сабасына түседі.

Барған жердегілер айтады ғой, кімдікі бұрыс, кімдікі бұрыс екенін. Ал біздікін құлаққа ілгісі келмейді, бұлтақтайды.

Негізі, осының бәрін Атамбаев өз ұпайына пайдаланып қалуы үшін істеп жатыр. Ол алдыңғы президенттер құсап, елден қашқысы келмейді, жиған-терген байлығынан айырылғысы жоқ.

Әлі талай „концерт„ тамашалауымыз мүмкін, – дейді Әзімбай Ғали.

Көршінің таңдауын сөз етуге қақымыз жоқ

Саясаттанушы Мұхтар Тайжан қырғыздардың бұл шешіміне сыйластықпен қарауға шақырды.

Мұхтар Тайжан

Бұл туралы ол Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

„Өз-өзін сыйлайтын, намысы бар халық осындай шешім қабылдайды деп ойлаймын. Ал оны талқылауға біздің ешқандай қақымыз жоқ, бұл олардың таңдауы, оны біз сыйлауымыз керек.

Эмоцияны сыртқы саясатқа араластыру – барып тұрған әдепсіздік.

Бір анығы, Қазақстан Қырғыз Республикасымен достық қарым-қатынас түзіп, таза байланыс орнатуға мүдделі. Сондықтан қырғыздардың ол ақшадан бас тартқаны емес, оны енді қайда жұмсаймыз, соны талқылаған бізге әлдеқайда тиімді болады.

https://kaz.365info.kz/atambaev-shabuylynan-khazakhstan-khandaj-sabakh-aluy-kerek-285034

Неге оны экологиялық апатты аймақ – Қызылорда өңірін дамытуға бөлмеске?..„ деп жазды ол.

Өздері біледі…

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Астана бөліп отырған 100 миллион доллар көмектен бас тарту шешімін қарастыруға Қырғызстанның толықтай құқығы бар, дейді.

https://kaz.365info.kz/maskeu-zhakhyn-dosym-satpaev-atambaevtyn-ne-menzegenin-ajtyp-khojdy-283731

Мәулен Әшімбаев

“Халықаралық тәжірибе аясында, әрине, кейбір жағдайларда келісімнің күшін бір тараптан жоюға болады.

Бірақ, жалпы алғанда, деносация – тараптардың өзара келісімі арқылы жүзеге асырылатын процесс.

Егер Қырғызстан ондай шешім шығарып жатса – бұл олардың құқығы. Әрине, олар елі үшін не жақсы екенін, көмек керек пе, керек емес пе – өздері шешеді”, — деп түйді сөзін Әшімбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз