Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қырғыз президенті елде отбасылық-кландық басқаруға жол бермейтінін айтты

“2010 жылы отбасылық-кландық режимге қарсы шығып, сол жолда қаза тапқан отандастарымды мен де ұмытқан жоқпын, бұл мен үшін де ауыр қайғы. Сол себепті де мен бұл тақырып төңірегінде саяси спекуляцияға жол бермеймін! Халық сайлаған президент ретінде елде отбасылық-кландық басқаруға жол бермеймін!, — деп мәлімдеді қырғыз басшысы.

Жээнбеков отбасылық басқару туралы сөз қозғайтындар бір маңызды фактор – қоғам санасындағы өзгерістерді ескермейтінін атап өтті.

“Біздің басты жетістігіміз – мықты азаматтық қоғам. Ашық қоғамда отбасылық немесе кландық басқару жүйесін орнату мүмкін емес. Менің президент лауазымындағы мемлекеттік қызметіме жақындарымның ешқайсысы ықпалын тигізе алмайды”, — деді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, қырғыз президенті екі күндік жұмыс сапарымен Ыстықкөл облысында жүр. Сапар аясында Жээнбеков Тон ауданының тұрғындарымен кездесті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз