Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қырғыз-қазақ шекарасында тағы бір топ адам ұсталды

221

 

https://kaz.365info.kz/ministr-dauren-abaev-khazakh-khyrgyz-shekarasynda-ne-bolyp-zhatkhanyn-ajtty-284763

“Меркі ауданының кейбір тұрғындары Қырғызстан Республикасында ұрланған малды Қазақстанда сату үшін мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтетіндері анықталды. Ағымдағы жылдың 1-сәуірінде түнгі уақытта ұйымдастырылған іс-шараның нәтижесінде Меркі ауданның тұрғындары 13 бас ірі қара малын шекарадан кедергісіз өткізуді қамтамасыз етуі үшін шекара қызметшісіне пара бергендері рәсімделді”, – делінген хабарламада.

Пара берушілердің тапсырмасы бойынша қырғыз аумағынан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, заңсыз жолмен мал басын өткізгендері үшін шекара бекетінің аумағында қазақстандық төрт азамат ұсталды.

https://kaz.365info.kz/nota-zholdady-khazakhstan-men-khyrgyz-respublikasy-arasy-khajtadan-ushykhty-302737

“Сонымен қатар, бір мезгілде пара беру дерегі бойынша күдікпен пара беруші екі азамат ұсталды. Қазіргі таңда осы тұлғаларға қатысты “кепіл” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша материалдар жеке өндіріске жіберіліп, тергеу жүруде”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз