Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

“Қырғыз боп жүрер едің…”. Ленинді мақтаған қазақ сенсациялық мәлімдеме жасады

336

https://kaz.365info.kz/mynyn-otirik-khazakhty-ylttykh-memleket-bolmagan-degen-putin-neden-khatelesti-284277

Аты-жөнін ұмыттым, бір жазушы өз кітабында аңға шыққан казактардың далада шауып жүрген қазақты аң сияқты атып алатынын да жазған. Бұл үшін олар ешкімнің алдында жауап бермеген. Бір деректер бойынша, Лениннің қазан төңкерісі алдында ақ патша жарлығы бойынша қазақтарды зорлап шоқындыру басталған.

Ал мына фактіге не айтамыз?

«Дат» газетінің биылғы 31 тамыздағы санында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің запастағы полковнигі Амантай Кәкеннің «Қазақтар құлдыққа сатылған тарихты білеміз бе?» атты мақаласы жарық көрді. Мақалаға қосымша берілген «Дерек пен дәйекте» мынадай фактілер келтіріледі: «Қазақ даласын зерттеуші Г.Н. Потанин бір жазбасында: «Сібір орыс-казак жасағы Ірбітке құл сату үшін қазақ даласына жиі-жиі жорық жасап тұрған. 1743 жылы қарашада жүзбасы Дороховтың 280 адамдық қарулы отряды қазақ даласына шабуыл жасап, 42 ер адамды құлдыққа сату үшін тұтқынға алып, 812 бас мал айдап кетті»,- дейді.

https://kaz.365info.kz/zhyr-onasha-sojlesejik-zhelide-putin-men-nazarbaevtyn-ymdaskhan-videosy-pajda-boldy-284473

Екінші дерек: «Қазақ қыздарын сатып алып күң ретінде ұстау 19 ғасырдың ортасына дейін жалғасып келді. Саудаға түскен қазақтардың (1737 жылғы дерек) құны:

40 жастағы қазақ әйелі — 12 сомға, 30 жастағы жігіт әйелімен бірге — 1 ат, 1 құлын және 16 сомға, 16 жастағы бозбала — 12 сомға, 20 жастағы жігіт — 15 сомға сатылған.

Сол заманда құр аттың құны — 91,5 тиын болған.

Үшінші дерек: 1808 жылы шыққан патша жарлығы: «Барлық ерікті орыс азаматтары қырғыз (қазақ) балаларын айырбастауға, сатуға мынадай жағдайда рұқсат беріледі. 1. Жасы 25-ке жетсе, 2. Айырбасшылар мен сатып алушылар бұл жөнінде Орынбор шекаралық комиссиясына мәлімдесе, 3. Әрбір сатып алушы тұтқынды басқа біреуге беруге ерікті» делінген.

Сонда деймін-ау…

Ленинді жек көретіндер патша заманын аңсап, құлдықта болуды көксеп жүр ме? Патша қазақты адам қатарында санаған жоқ қой. Атам десе атты, асам десе асты. Қарсы келгендерді қынадай қырды.

Бұл қорлықтан, бұл зорлықтан тек Ленин құтқарған жоқ па?

Ленинді бүгінгі Жириновский, Лимонов сияқты орыс шовинистері не үшін жек көреді? Қазаққа, қазақ сияқты шағын халықтарға автономия бергені үшін, орыс және орыс-казактарының үстемдігін, қорлық-зорлығын тоқтатқаны үшін, шағын халықтардың құқығын орыспен теңестіргені үшін, қазақ зиялыларының уәжін мұқият ескеріп, қазақтың ұлан-байтақ жерін қайтарып бергені үшін, орыстың шовинистік және басқа да теріс пиғылдарын қатты сынағаны үшін.

Биыл Мемлекеттік думада Жириновский Лениннің томдарындағы орыс халқының атына айтылған теріс пікірлерін тізіп тұрып айтып берген жоқ па?

Расында да Ленин ұлыорыстық шовинизмді қатты сынаған адам. Оның бұл ойы томдарында анық көрініс тапқан. Ленин орталықтың емес, шет аймақтағы қазақ сияқты шағын халықтардың мүддесін көбірек ойлады. Өйткені, шағын халықтар ғасырлар бойы патшалық Ресейдің қатты езгісінде болып, қорлық-зорлықты көп көрді. Біз оларды ондай зорлықтан құтқарып, еркін дамуларына жол ашуымыз қажет  деген мағынада жазды. Лениннің мұндай ой-пікірлері шовинист Жириновский сияқтыларға әрине ұнамайды.

Патшалық Ресей бүгінгі заманға дейін өмір сүріп тұрғанда қазақ елі бүгінгідей дәрежеге жетер ме еді? Жетпес еді.

Патша қол астындағы ешқандай халыққа автономия бермейтін еді. Қорлық-зорлықта, езгіде ұстап тұра беретін еді. Қырғыз деген атыңнан да құтылмас едің.

Ленин автономия берді. Мәскеуге тәуелді болсақ та, одақтас республикалардың біріне айналдық.  Қазақ зиялыларының өтініші бойынша қазақ деген атыңды, казак-орыстардың қатты қарсылығына қарамай, бүгінгі көлемдегі жеріңді қайтарып берді. Қазақ сияқты аз халықтардың құқын орыстармен теңестірді. Енді олар патша заманындағыдай қазаққа қорлық-зорлық, қиянат көрсете алмайтын болды.

https://kaz.365info.kz/putinmen-otkizgen-tyn-resej-prezidenti-tort-sagat-uakhytyn-kimge-arnady-282389

Сол Ленин берген автономияның арқасында бүгін міне, тәуелсіз елге айналдық.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін капиталистер ақылымен совхоздар жаппай қиратылды. Олардың мал-мүлкі де, техникалары да, үлкен қажыр-қайратпен келген басқа да иеліктері талан-таражға түсті. Бұл үшін ешкім де жауапқа тартылмады. Халық басы ауған жаққа қашты. Көбі қалаларды паналады. Сонда бұларға да Ленин кінәлі ме?

Ленин әділетсіздікті жою үшін күресті ғой. Адамды адам қанайтын капиталистік қоғамды төңкеріп, қазақ сияқты шағын халықтарды аяусыз езгіде ұстап отырған патшаны тақтан тайдырды.

«Адам адамға — қасқыр» деген капиталистік қағиданы жойып, «Адам адамға – дос, бауыр, туысқан» деген социалистік қағиданы өмірге алып келді.

Бір өкініштісі — өзі армандаған социалистік қоғамды тұғырына тиянақты қондыра алмай, өмірден ерте кетті. Енді оны орнына келген Сталиннің қателіктері, қатігездігі үшін кінәлаудың қажеті жоқ. Ленин болмағанда, оның қазан төңкерісі болмағанда біз құлдыққа сатылып, патша езгісінде әлі де жүретін бе едік, кім білсін.

https://www.youtube.com/watch?v=k9710brnmd4

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз