Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-10
USD
498
-3.43
EUR
519
-1.52
RUB
5.44
+0.11

Қырғыз билігін күштеп басып алмақ болды деген күдікпен депутат ұсталды

Қылмыстық іс материалына сәйкес, Исаев ұйымдасқан қылмыстық топтардың кейбір мүшелерімен сөз байласқан, сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға белсенді әрекет жасаған және өзі жақтас болып табылатын кандидат сайлаудан өтпей қалған жағдайда билікті күштеп басып алуды іске асырмақ болған.

Құқыққорғау органдарының мәліметіне сәйкес, ұсталған тұлғалар ақшалай сыйақы беріп, соңы жаппай тәртіпсіздіктер мен қаруланған қақтығыстарға ұласатын жоспарланған акцияларға қатысу үшін өз қатарларына адамдарды тартып отырған. Қылмыстық іс Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бас тергеу басқармасына жолданды.

2017 жылдың 30 қыркүйегі күні Жогорку Кенештің депутаты мен өзге тұлғаларға қатысты ҚР Бас прокуратурасы қозғаған қылмыстық іс аясында депутат Қанатбек Исаев пен ұйымдасқан қылмыстық топтардың жекелеген мүшелері тұтқындалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүруде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз