Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қырғыз азаматы Ақтау тұрғынын 50 жерден пышақтап, өлтіріп кеткен

Марқұм жұбайымен 13 жыл отасқан Лариса бақытты сәттерімнің бәрі артта қалды деп зар жылап отыр. Жұбайы 19 қараша күні Астраханнан Атырау арқылы үйге оралуы керек еді. Бірақ сессиясын аман-есен тапсырып, отбасыммен қауышам деген азамат үйіне өз аяғымен емес, табытпен оралды.

“Дәрігермен сөйлескен едім, ол күйеуімнің алған жарақаттан тірі қалуы мүмкін еместігін айтты. Бауыры мен өкпесі, тіпті бас сүйегі де езіліп кетіпті. Менің суреттерден көргенім, жауыз оны аңшылық пышағымен өлтірген”, – дейді марқұмның жары Лариса Грабова.

Оқиға жексенбі күні таңғы 5 жарымдар шамасында асханада болған. Үстелде досымен бірге тамақ ішіп, жайбарақат отырған Иванға күдікті келіп, әй-шайға қарамастан ту сыртынан пышақ салыпты. Оқиғаның көз ілеспес жылдамдықпен болғаны соншалықты, ешкім де көмекке келіп үлгермеген.

“Ол әдейі өлтіретін адам іздеген секілді. Өзімен пышақ алып жүрген. Менің ойымша, ол гипноздың әсерінде болған немесе психикалық ауытқуы бар адам. Неге олардың кесірінен басқалар зардап шегуі тиіс?Мені күйеуімнен, балаларымды әкесінен айырды”, – дейді Лариса Грабова.

Иван Грабов жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келгенше қайтыс болған. Ал, күдіктіні полицейлер сол маңдағы бейнебақылау камераларының бірі арқылы тауыпты. Қазір қырғыз елінің азаматы тергеу абақтысында отыр.

“Жалпы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК-нің 99 бабы, 2-бөлігі, яғни қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша жүріп жатыр”, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Ал қазір осы іске қатысты түрлі сараптама тағайындалған. Күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы да осы тексерістерден кейін белгілі болмақ. Егер кінәсі дәлелденіп жатса, 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз