Қырғызстанда әйелі күйеуіне шабуыл жасаған қасқырды пышақпен өлтірді. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан Ак-Ширак ауылдық округінің басшысы Эрлан Асаналиевке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 7 қараша күні кешке Ыстықкөлде Сарычат-Эрташ мемлекеттік қорығы маңында былай болған. Мирбек Келгенбаев үйіне әйелі мен сегіз жасар ұлымен келе жатқанда көліктері Сарычат-Эрташ мемлекеттік қорығы маңында бұзылып қалған.
«Мирбек машинасын жөндеп жатты, ұлы жанында болатын, ал әйелі жылыну үшін ғимаратқа кіріп кеткен. Осы уақытта Мирбекке қасқыр шабуыл жасайды. Бірақ ол жыртқышты құлағынан ұстап жерге жығып, тізесімен басқан. Пышақ алып шық деген дауысты естіген әйелі Эльнур жүгіріп шығып, жыртқышты пышақтап өлтірген» деді Асаналиев.
«Жергілікті тұрғындардың барлығы «жауынгер». Дәл осыған ұқсас оқиға 2015 жылы Кара-Сай Тон ауданына қарасты ауылда да болған. Ол кезде де әйел кісі күйеуін құтқарамын деп қасқырды бауыздаған болатын» дейді Асаналиев.