Құқық қорғау органдарының былықтары туралы ғана емес, басқа азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтіргендер туралы да айту керек.
“Бүгінгі күні тек билік пен құқық қорғаушыларға қатысты айтылған айыптауларды ғана естиміз. Жақында тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қарағанда полиция қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істер көбірек болады. Біраз қазақстандықтар қаңтар оқиғалары кезінде тәртіпсіздікке қатысты деп ойламайсыз ба?
Егер біз мемлекеттен адалдық пен әділдікті талап етсек, азаматтардан да әділдік пен адалдықты талап етейік”, — деп жазады сарапшы.
Ол кінәлілерді жазалауды маңызды деп санайды, сондықтан олар жасаған әрекеттері үшін жауап беруі тиіс.
“Тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы тоналған дүниелерді иелеріне қайтарсын және полицияға барып кінәсін мойындасын, ал қауіпсіздік күштері қызметкерлерін соққыға жығуға және өрт қоюға қатысқандар өздерінің қылмыстарын ашық мойындап, жазасын алсын.
Құрбанға айналу оңай, мемлекетті кінәлау оңай, ал ешкім заңды, құқықты бұзғаны және басқа азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтіргені үшін жауап бергісі келмейді”, — деп қорытындылады ол.