Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Құран жарысынан бас жүлдені жеңіп алған қари автокөлікке ие болды

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

“Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де сәні де жоқ. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: “Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады. Яғни, ондай үйде тыныштық болмайды”,– деген. Қарайған жүректерге нұр беруші – Құран ғана”, – деп жиналған жамағатты жақсылыққа, ізгілікке шақырып, әділ қазы мүшелеріне алғысын жеткізді.
4 бағыт бойынша марапатқа ие болған қарилардың тізімі мынадай:

30 пара Құранды толық жатқа оқу бойынша:

Бас жүлде – Нағманов Нағим Серікұлы (Маңғыстау) – Автокөлік

ІІ орын — Хакимов Фазлидин Абдихужаұлы (Астана) – 2 млн. теңге

ІІІ орын — Жахсылыков Еркебұлан Сержанұлы (Жамбыл) – 1,5 млн. теңге

20 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын — Хокимов Махмадрахим (СҚО) – 1,5 млн. теңге

ІІ орын — Сатешов Сақи Мұхтарұлы (Маңғыстау) – 1 млн. 250 мың теңге

ІІІ орын — Қартбаев Саламат Алашұлы (Ақтөбе) – 1 млн. теңге

10 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын — Кенешбай Қуаныш Нұрланұлы (Алматы өңірі) – 1 млн. теңге

ІІ орын — Сейтқасым Ерқанат Серікұлы (Астана) – 750 мың теңге

ІІІ орын — Мыңжасов Арыстан Қожамбетұлы (Маңғыстау) – 500 мың теңге

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

І орын — Турдақынұлы Такен (Ақмола) – 500 мың теңге

ІІ орын — Битенов Ерлан Базарбайұлы (Астана) – 300 мың теңге

ІІІ орын — Бектұрғанов Баубек Бердіғалиұлы (Алматы) – 150 мың теңге

Сонымен қатар, әрбір өңірден келіп қатысқан жүлделі орындарға ие бола алмаған қариларға арнайы алғыс хат пен 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Дерк көз:Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз