Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қымбатшылықтың кесірінен Астананы қар басып қалуы мүмкін

Бізге жабық жиында басшысының айтқанын жүк көлігін жүргізушілер өздері түсіріп алыпты. Директор көңілге қонымды жауап айтпаған.

«Бұл мәселені мен қала деңгейінде көтеріп жатырмын. Бүгінгі таңда қызметке төленетін ақының көлемі белгіленбеді. Қала билігі біледі, қарастырып жатыр»,-дейді «Астана-Тазалық» ЖШС директоры  Боранбай Болатбеков.

Толымды жауап естімеген топ содан кейін шенеуніктердің пікірін білмекке әкімдікке барды. Жүргізушілердің жиналғанын полицейлер жеткізсе керек, жауапты басқарма басшысы тілдесуге шықты.

Жүргізушілер арадағы делдалдар үстімізден жонып жеп отыр деді. Сондықтан олар әкімдіктің «Астана-Тазалыққа» қанша қаржы бөліп жатқанын білмек болды. Алайда, басқарма басшысы нақты санын айта алмады. Тек, жыл сайын қаланың қарын тазалауға 6-7 миллиард теңге бөлінеді деді.

Шенеунік, делдалдардың мәселесі өзекті екендігін де жасырмады.

«Әкімнің тапсырмасымен 1 жылдай айналысып жатырмыз. Сіз айтқандай делдалдар болмасын деп. 15 жыл айналысқан, барлығы үйреніп қалған ғой бір-біріне.

1 жыл болды. Соның дұрыс схемасын тауып жатырмыз. Бөлінген ақша қызмет істеген адамға жетсін деп»,-дейді Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы  Төлеген Закарьянов.

Алайда, атқамінер биыл баға осы 3200 теңгеден көтерілмейді деп кесіп айтты. Келер жылғы соманы белгілеу үшін ақылдасайық деп жүк көлігінің жүргізушілерін ертең қабылдауына шақырды. Наразы топ болса, шұғыл шешім табылмаса қар жауғанда жұмыс істемейміз деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз