Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қылмысты ашуда ІТ технологияның әлеуеті қатты қызығушылық тудырып отыр

Академия басшысы Наиль Ахметзакиров отырысты аша отырып, заңдылық пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етуде ведомстволық ғылым рөлін күшейтудің маңызын атап өтті. Ол құқық қолдану практикасын ғылыми-аналитикалық қамтамасыз ету күш құрылымдары жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.

Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Айдар Сәрсенов кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлық, терроризм мен экстремизм проблемаларын шешуге бағытталған бірлескен ғылыми жобалардың алғашқы нәтижелері туралы айтып берді. IT-технологияларын қолдана отырып жасалған алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың профилактикасы, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру әдістері мен шарттары туралы ақпарат берілді.

Талқылау қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, ғылыми-аналитикалық зерттеулерді жалғасытру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін практикада байқау үшін ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру ұсынылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз