Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Құқығыңды ұрғандары бар”. Танымал журналист қазақ тіліне қатысты ақиқатты айтты

„… Мен Эйр Астанамен сәуір айында Алматыдан – Астана – Франкфурт на Майнеге дейін ұштым. Орыс және ағылшын тілінде аудиоxабарлама жасалды, бірақ қазақша болмады. Стюардесса қыздардың біреуінен: “Неге қазақ тілінде xабарлама жасалған жоқ?” деп едім, жауап бермеді. Кейін білдім, борттағы 5-6 стюардессаның бір де бірі қазақша сөйлемейді екен.

Ал, мен мұндай жағдайда бір рет мәселе көтеріп, бірақ жазықсыз жазалы болғандықтан, еш жерге арызданбадым.

Себебі, басқасын қойғанда, әділет іздеп жүрген оппозициядағы қазақтың өзі қазақ тілін қорғамақ түгілі өздері сөйлемейді және қазақ xалқының тілдік қысым көріп отырғанына көз жұма қарайды, ал Қазақстандағы xалық бұл мәселеде басым көпшілігі орысша сөйлеп, қазақша сөйлеген адамның аузын жабуға айналды.

Тілдік әділетсіздік мәселесін көтерген кез-келген қазақтілді адамды орыстілді баспасөз бен орыстілді адамдар “националист”, “фашист”, “террорист” деп айдар тағып, барлығы жабылып, қуғындайды… сені жазықсыз жазықты етіп соттайды, қылмыскер етіп шығарады„

делінеді Жарылқап Қалыбайдың жазбасында.

Еске сала кетелік, бірер күн бұрын Эйр-Астана ұшағында түрік азаматы өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұрап, кейіннен сол үшін „бортта тәртіпсіздік орнатты„ деген айыппен оны полиция ұстап әкеткен. Түрік азаматына Қазақстан соты 6 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

https://www.youtube.com/watch?v=o7tL6YQIYfU

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз