Құйрық май – баланың жұмсақ балғын терісін жұмсартып, қан айналымын реттейді.
Сонымен қатар, қол-аяғын керіп созғанда баланың буындары жазылып, денесі сымбатты болып өсуіне ықпал етеді.
Қазақтың «Баланы – сылау, қарды – қылау өсіреді» дейтіні осыған байланысты айтылса керек.
Құйрық майды баланың жауырынын ашуда да қолданады.
Сонымен қатар, балалар мен ересектер салқын тиіп ауырғанда ауырған жерге қыздырып құйрық май жағады, ыстық күйінде қасықтап ішеді.