Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Құдалықтағы масқара: «Той деп барып, қазадан қайтқандай болдық…»

365

“Ол өте көрікті, тұйық, көзінен нұры, бетінен ұяты төгілген қара торы қыз-тұғын” деп басталатын хаттың иесі студент қыздарға сабақ болсын деген мақсатта қолына қалам алғанын жазыпты.

“Көбіне жалғыз жүреді. Кейде байқап қаламын өз-өзімен күбірлеп кетіп бара жатады. Студенттік шақта қыздардың жеке-дара отырысы көп болады. Осындай бір отырыста ол маған сырын ашты.

– Қазір қыздық сатылады, – дей ме деп маған жақындаған ол сұрақты төтесінен қойды.

– Солай шығар, неге сұрадың?

– Маған бір жігіт үйленейік деп жүр, қыздық салдыртып алсам ба, қалай, – дейді. Аузым ашылып, аңтарылып қалыппын. Әрине, одан үш жастай үлкендігім бар. Үлкен деп менен жөн сұраған түрі шығар. Мен оған лайық болуға тырысып, таң қалысымды жасырып қалдым. Ештеңені қазбаламадым.

– Өзің білесің ғой, бірақ тура сондай жайт менің басымда болса, оған бас ауыртпас едім, – дедім. Енді сол кездегі жауабымның түрі осы болды.

– Неге?

– Шынымды айтамын, сүйсе сол күйімде қабылдайды, қабылдай алмаса оны ұмытуға тура келеді. Сен кеше мектеп бітірген қыз емессің, оған ол таң қалмауы керек.

– Ой, біз жақта оған қатты қарайды. Онсыз болмайды. Оның үстіне біздің отбасымыз бір-бірін жақсы таниды. Ұят болады…

– Өзің білесің ғой, – дедім күрсініп.

 

Не керек, бір аптадан соң Гүлжанат ұзатылатын болды. Қыздар у-шу. Жасанып, таранып, барымызды киіп екі көлікке мініп, Таразға тарттық (қыздың да әке-шешесі Жамбылдан, тек бертінде Алматы облысына көшіп келіпті). Алдымызда тағы үш көлік. Онда құдалар. Бәріміз жігіттің үйіне түстік. Даңғырлаған музыка. «Құда, құда, құдалар» деп әндетіп, бір топ адам күтіп алды бізді. Жастар бөлек, құдалар бөлек үйге түсті.

https://kaz.365info.kz/esimnen-tanyp-khappyn-kyjeuinin-ashynasynan-tayakh-zhegen-ajel-khandy-okhigany-bayandady-292608

Құда да, құдағи да дөкей қызметте екен. Барын салыпты. Құда күтудің өзіне әртістер шақыртыпты. Өте көңілді болды. Ертеңінде жастар қала сыртына көкке демалуға шықтық. Құдашамыз әйтеуір. Аяғымызды жерге тигізбей күтіп жатыр. Сірне жедік, ойын ойнадық жазық көкорай далада. Бір ұмытылмайтын жақсы күн секілді көрінген. Кешке жігіт үйіне оралдық.

«Ой, ол жақта да тамақ дайын тұрған шығар, асқазанымызға бұл ауыр болатын болды» деп бір қызымыз назын айтып үлгерген еді. Келсек, ас түгілі тас та жоқ. Құдалар тарқап кетіп қалған.

Сыртта ұялы телефонның желісі ұстамаған, бізге ешкім хабарласа алмапты. Сөйтіп бәрі тайып тұрыпты. Қақпадан кірген бізді ешкім күтіп алмады. Бір уақта көрші келіншектің қарайған төбесі көрінді. Кеше бізді жақсы күткен. Ақтан алдыртқыш боп. Бізді көрген ол ернін бір сылп еткізді де жалп етіп кері қарай бұрылып, жоқ болды.

https://kaz.365info.kz/khajyn-zhyrttan-yyat-boldy-dastan-orazbekovtin-zhary-zhanarga-khatysty-shyndykhty-ajtty-282745

Танадай тыныштық. Аңтарылып бәріміз үйдің алдында топырлап тұрмыз. Біреуіміз дыбыс шығарсақ, бәрі бүлінетін секілді. Ішіміз бір жаманды сезіп тұр. Үйге күйеу жігіт жүгіріп кіріп кетті. Шаңқылдаған жаман дауыс шықты. Жігіттің шешесі секілді. Біз бір-бірімізбен күбірлесіп, артқа шегіне бердік. Гүлжанат та үйге қарай ұмтылды. Бәріміз келген көлігімізге келіп жайғастық. Бір сағат өтті. Тыныштық. Не кір деген адам жоқ, не кет деген адам жоқ. Не істерімізді білмей абдырадық. Ақыры Мөлдірді жібердік. «Бар, біл, отырамыз ба осылай, не бопты, жөнімізді табайық күн жарықта» дедік.

«Сорың құрғыр, Гүлжанат! Сорлы-ай, енді не істедік, не істедік» деп екі санымды шапақтап, ойбайлай беріппін ғой Мөлдір жеткізген хабарды естігенде.

Гүлжанатқа жаным ашып барады. Рөлдегі жігіт: «Енді не істеуші едік, қайтамыз» деді кілтін қолына алып. «Өй, мынаның басы істей ме, Гүлжанатты қалай қалдырамыз» деймін ғой. «Әке-шешесінің өзі кетіп қалыпты, біз не істейміз» деді арамыздағы тік мінезді Жанна. Сонымен шешілді. Көліктер қозғалып Алматыға кері тартты. «Жоқ, мұнымыз дұрыс болмады» деп мен қатты қапаландым. Сөйтсек…

Қызды-қыздымен, ағы бар, қызылы бар кеңірдектен өткен соң қыз шешесінің подружкасы жігіттің әке-шешесіне жаны аши қалыпты. Сөйтіп құдағиды қолтығынан жетектеп, кісі көзі тасалау жерде подружкасының қазынадай сақтаған сырын құдағиына жайып салыпты.

– Бір тамаша адам екенсіздер, енді Сіздерге жаным ашып тұрғаны. Қайта бұл қызымыздың бағы бар екен, – деп әңгімені сыздықтатып бастаған ол,

не керек, әлгі жерде мына түсіріп жатқан келіндеріңізді студент шағында групповой зорлаған депті.

Әрине, мұны естіген құдағи есеңгіреп қалған. Бірақ тура сол арада ешқандай реакция бермеген. Құдалық жақсы жалғасып жатқан. Тек бір сағаттан соң дулы орта құдағидың жоғын аңғарады. Сөйтсе бөлмесіне бекініп алған құдағи есікті ешкімге ашпай қойыпты. Тек құданы ғана кіргізіпті. Құда шыққан соң жаңа құда-құдағиына: «Сіздердің қайтқандарыңыз жөн болады» деп қысқа қайырып, кетіп қалыпты. Одан кейін үй иелерін ешкім таппай қалған. Топырлаған жұрт: «Қайт деген соң қайтыңыздар енді. Нендей жағдай екенін білмейміз. Кетер аяққа тағы бір алып қояйық» деп жік-жаппар боп қонақтарын көліктеріне салып қоя беріпті. Міне, жағдай осылай болған екен.

– Групповойы несі, – дедім артта отырған мен алдағы Жаннаның орындығын теуіп.
– Солай, групповой…, – деп дүңк етті.

https://kaz.365info.kz/barine-ozim-kinalimin-auyldan-khalaga-khashkhan-kelinshek-nege-okinedi-290174

Сөйтсе Гүлжанат бакалаврда оқып жүргенде жатақханада бір бөлмеде тұратын қыздың Алматы маңындағы ауылдағы үйіне қонаққа барыпты. Бір жексенбіде. Бәріміз сөйтетінбіз. Кімнің үйі жақын, соған қонаққа барушы едік. Гүлжанат та сөйткен. Сөйтсе көрші жігіт вечер жасапты. Екеуі сонда барған. Биге шақырған жігіт Гүлжанатқа үй іші ысып кеткенін айтып, далада таза ауамен тыныстап қайтайық депті. Содан үйдің қарама-қарсысына ұзағырақ жердегі көп талдың жанына алып барған. Қайдан екені белгісіз, сол кезде бір топ жігіт те сау ете қалады. Сонымен іс біткен…

Жылап үйге келген Гүлжанатқа бөлмелес қызы ұрсып-ұрсып сонда тағы тастап кетіпті. Әйтеуір қалтасында тиын-тебені бар, күн жарықта жатақханасына ол әрең жетіпті. Бір апта сабаққа бармай бөлмесінде жатып қалыпты. Құдай айдап сол кезде шешесі келген екен. Жағдайға қаныққан соң шешесі Гүлжанатты дәрігерге апарып, үйіне алып кетіп күтіп, қолдау білдіріп, әйтеуір қатты күйзеліске түсірмей бір апта ішінде университетке қайта алып келіпті.

Содан бері Гүлжанат не ұлға, не қызға сенбей оқшау жүретін болыпты.

Ақыры жан жарасы жазылғандай болып, “бақытымды таптым-ау” дегенде осындай жағдай болды…”

 Жалғасын мына сілтемеден оқи аласыздар

Мейіргүл, Алматы қаласы

https://kaz.365info.kz/khydalykhtagy-maskharanyn-zhalgasy-khiyn-boldy-mende-bet-zhokh-293329

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз