Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Құдалықтағы масқараның жалғасы: «Қиын болды, менде бет жоқ…»

586

«Мираш» деп оның өзі мені бас салды. Дауысын естігінде барып: «Ойбай, Гүлжанат сенбісің?» деппін ғой…

Дүкен аралауды кейінге шегеріп, жоғарыдағы тамақанатын жерге бардық. Жүзінен мұңның табы тіпті байқалмайды. Әдеп сақтап, ортақ әр нәрсені сөз қылып отырмыз. Ақыры құдалықтағы масқара жағдайға оралдық. Қиын болды деп әңгімесін бастады ол:

https://kaz.365info.kz/khydalykhtagy-maskhara-toj-dep-baryp-khazadan-khajtkhandaj-boldykh-293292

– Әй, сол кезде менің күйеуім мен қайын атам жарады. «Кет» деп маған ешкім айтпады. Бірақ енемнің қылығы соны байқатты. Бөлмесінен шықпай қойды. Тойға шақырту таратылып қойған ғой. Алыстан қонақтар топырлап келе бастады. Арадағы ыңғайсыз жағдайды ертеңінде қайын атам өзі реттеуге кірісті. Үстел басына тамаққа жиналдық.

Менде бет жоқ. Жігітім келді: «Жүр, сені әкем шақырып жатыр» деді. Үстел басына келдім. Тыныштық.

Бір уақытта қайын атам сөйледі:

– Әй, үйленіп жатқан сен емес, мына баламыз. Әйел сонікі. Сондықтан сен де, мен де емес, осы шешеді бәрін. Осы ұл не дейді, сол болады, – деді шорт кесіп. Енем үнсіз, түрі бұзылып кеткен. Одан соң жігітім сөз алды. Негізі, сен айтқандай болды:

– Енді бұлай болады деп кім ойлаған? Өкінішті, әрине. Мен мұның бәрін білгенмін, сонысына қарамадым, өйткені оны сүйем. Оның өткенінде шатағым жоқ…

Шындығында, ол менің қыз емес екенімді білген. Бірақ групповой туралы ол да білмейтін.

Ойланып, дауласып жатуға мұрша жоқ ол кезде. Тойшыл қауым жиналып жатыр. Соны біліп тұр ғой ол.

Не керек, жігітмнің осы сөзі бәрін шешті. Ақыры той болды. Бірақ енеммен ара-қатынасымыз жақсармады. Күйеуіме құдалықтағы масқара кезде бәрін баяндап бергем. Ол есікті тарс еткізіп жауып кетіп қалып еді. Райынан қайтқан боп тұр ғой ол да. Одан кейін бұл тақырыпты екеуміз ешқашан қозғаған емеспіз.

https://kaz.365info.kz/kete-ber-dejdi-kyjeuimnen-zhylu-kormejmin-kozine-shop-saluga-ozi-itermelejdi-289322

Мен Тараздағы мектепке мұғалім боп жұмысқа тұрдым. Институтта сабақ беріп жүрген маған ол оңай болды. Аз уақыт ішінде мансабым өсті. Тәрбие ісі бойынша завуч болдым. Ортамда беделім жақсы. Бірінен кейін бірін екі баланы дүниеге әкелдім. Енемнің қатулы қабағы осыдан бастап жіби бастады.

Ал қайын атам тамаша жан болып шықты. Әйелдер мерекесі сайын үйге гүл алып келеді. Мені де ұмытпайды. Өз қызы секілді айналып-толғанады. Шынын айтсам, осындай отбасыға келін боп түскеніме Аллаға мың алғыс айтамын күнде.

Айтқандай, жақында Білім бөліміне ауыстым. Қазір тағы аяғым ауыр, – деді өміріндегі қуанышымен бөліскен студент кездегі құрбым.

– Ал мамаңның подружкасы не деді? Ол жақта не болды, – деп мен де әңгімеге қанағаттанбай қазбалай түстім.

https://kaz.365info.kz/50-myn-tenge-paktigin-zhasatyp-algan-khalyndykhty-kyjeui-yjden-khuyp-shykhty-foto-268558

– Ой, қазір олар араласпайды. «Мас боп қалыппын, кімге не айтқанымды білмеймін» деп ақталыпты. Шындығында, қызғанып кеткен ғой. Құрбы болғанымен, өзін үнемі шешемнен жоғары қойса керек. Сол бір қуанышын көре алмай, іші күйіпті. Оған не деп, не істейді? «Құдай куә, жазасын жоғарыдан алар» деді шешем, – дейді Гүлжанат.

Ал мен құрбымның өміріндегі ыңғайсыз жағдай реттеліп, бәрі жақсы болғанына қуандым. Өмірде нелер болмайды? Айтайын дегенім, өмірдің жаңа парақшасын ашуға ешқашан кеш емес. Барлығымыз да бақытты болуға лайықпыз!

Әңгіменің басын мына сілтемеден оқи аласыздар.

Мейіргүл, Алматы қаласы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз