Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қуат Найман қатты ашулы: «Астана» футболшылары – порножұлдыз секілді»

Қуат Найман былай депті:

«Қазақстанда футболға тыйым салу қажет екенін тағы қайталаймын!

Бұл боқтарға («дерьмо» дейді – ред. ) жұмсалып жатқан ақшаны палуандарға, боксшылар мен жекпе-жектегі жігіттерге неге бере салмайды? Олардың жүрегінде намыс бар!

Ал 90 минут бойы жынды сияқты жүгіре беретін осы ақымақтар миллиондаған ақша алып жүр!

Сол ақшаға ауылдан залдар ашсақ қой, нағыз чемпиондар ауылдан шығады!

Бұл иттер («уб…ки» дейді — ред.) әлем чемпионынан артық ақша алады, тірлігіне қарасаң, порножұлдыз сияқты…

Қазақтар жаумен жан берісіп ұрысқан! Тіпті аштан өлгелі отырған Африканың футболшылары да біздің ойыншылардан артық ойнайды!

Менің осы сөздерімді есіңізде сақтап қойыңыз: спортшының (футболшы) қарны тоқ, уайымы жоқ болса – олар ешқашан жақсы нәтиже әкеле алмайды!

Чемпион болу үшін сен тақыр кедей сияқты өмір сүріп, жеңіс жолында асқан жанкештілік танытуың керек! Сонда ғана нәтиже болады!

Ал, ойланыңыз!»,

– дейді Қуат «Найман» Хамитов.

https://www.instagram.com/p/BX3oAlJlUcT/?taken-by=kuat__khamitov
https://kaz.365info.kz/eshkimge-khypiya-emes-khuat-najman-golovkinnin-khulygyn-ashyp-berdi-266539

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз