Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
14
USD
510
-1.07
EUR
571
-1.20
RUB
6.3
-0.04

Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін сотталып жатыр

905

Қылмыстық іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.

“Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК 272 – бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр”, – делінген аудандық соттың хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырды. Оның ойынша, бұлар “халықты тағы да уландыра бастаған”.

Қуат Хамитов мәлімдемесінен кейін полицияға жеткізілді, алайда ол видеоны әзіл үшін түсіргенін айтқан.

ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлігі санкциясы (билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз