Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
12
USD
449
+1.88
EUR
515
+2.47
RUB
5.33
+0.03

Алматыда бір қазақ машина алу үшін бүйрегін сатыпты

«2016 жылдың маусымында ол әйелін бүйрегін сатуға көндіріп, интернетке хабарландыру береді.

Қараша айында Астанадан бір әйел хабарласып, бір бүйрек үшін 4 миллион теңге ұсынған.

Ерлі-зайыптылар бұл ақшаға келісіп, әйел бүйрегінің сәйкес келетінін тексерту үшін Астанаға барады. Бір аптадан кейін оның бүйрегі астаналық әйелге сәйкес келетіні анықталды», — дейді Джохар Утебеков.

Бірақ операция жасалмады. Өйткені донор болмақшы әйел жүкті екен. Содан кейін күйеуі өз бүйрегін сатуға шешінген.

— Кейінірек бүйрек алатын тағы бір ер адам табылыпты. Онымен 10 мың долларға келісті.

Бірақ өзі қайтыс болды. Үшінші баласының дүниеге келгенін көрмей кетті, — дейді адвокат.

Ал оның бүйрегін сатып алған мүгедекке қатысты Алмалы аудандық соты бір жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Екі операцияны жасаған дәрігерлер жауапкершіліктен құтылып кетті.

zakon.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз