ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пара алды деген күдікпен ұсталды.
10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдік келтіріліп, ол 13-маусымда қамауға алынды, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
YouTube-те ҚР СІМ экс-жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтың пәтерін тінту сәті түсірілген видео да жарияланды.