ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды”, – делінген Ақорданың сайтында.
“Мемлекет басшысының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды”, – делінген Ақорданың хабарламасында.