Қуаныш Асылов ҚР Президенті әкімшілігінің қоғамдық-саяси жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс жөніндегі комитет төрағасы, БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, ҚР Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры болып қызмет етті.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектері қауымдастығының президенті.