Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

123

Ержан Бабақұмаров пен Мақсат Мұқанов жаңа қызметке ие болды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тағайындаулар туралы жаңа құжаттар сейсенбі күні кешкі уақытта президенттің ресми сайтында жарияланды.

“Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды”, – делінген хабаралмада.

Айта кетерлігі, Талдау және болжамдау орталығы Елбасы жарлығы бойынша бүгін құрылған. Сонымен бірге, Мақсат Мұхановтың қандай қызметке тағайындалғаны туралы да хабарланды.

“Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды”, – деп жазылған құжатта.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз