Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ҚР Премьер-министрінің қос орынбасары ауысты

Ерболат Досаев осы қызметке дейін “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ басшысы қызметін атқарған болатын. Ал оған дейін 2014 жылдың тамыз айынан ұлттық экономика министрі болған еді. Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған.

Сол секілді Асқар Жұмағалиев те ҚР Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

“Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын”, – делінген Жарлықта.

Мұның алдында Жұмағалиев “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Басқарма төрағасы еді. Асқар Жұмағалиев – 1972 жылы 2 тамызда РКФСР Орынбор облысында туған. Свердловск Суворов әскери училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін және Швейцария федералдық технологиялар институтын (Лозанна қаласы) бітірген. Әр жылдары “Жарық” ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, “Қазақтелеком” АҚ президенті болды.

2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз