Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н. Нығматуллин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында өтеді», – делінген Мәжіліс спикерінің өкімінде.